Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар15087937
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 1389 8541 49986 14727551 109426 453407 15087937 Сіздің IP: 18.116.37.61
Уақыт: 2024-11-09 05:11:52
|
Оқушылар сарайында «Баянаул тарихи мұра» атты онлайн сайыс өтті
2021 жылдың 3 қараша күні Облыстық Оқушылар сарайында «Баянаул тарихи мұра» атты онлайн зияткерлік сайысы өткізілді. Павлодарлық оқушылар үшін күзгі каникул кезінде өткен сайыс Баянауыл ауданының құрылғанына 195 жыл толуына орай ұйымдастырылды. Сайыстың басты мақсаты оқушыларға патриоттық тәрбие беру, туған халқына, Отанына, деген құрмет сезімін қалыптастыру, Баянауыл жерінің тарихы және киелі жерлердің аңыздарды білу.
Сайысқа Ыбырай Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық гимназия-интернатының 8 «б» сыныбы, Павлодар қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 8 «а» сыныбы, Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының 7-8 сынып оқушылары қатысты. Сайыс бес кезеңді қамтыды. Сайыстың бірінші «Бәйге» кезеңінде Баянаул елінің шығу тарихы, ақын-жазушылары, батырлары, Баянауыл сыртқы округі жайлы сұрақтарға жауап берілді. Екінші кезеңінде Баянауыл жерінде орналасқан «Сабындыкөл», «Торайғыр», «Жасыбай» көлдері жайлы, «Ақбеттау», Торайғыр көліне сән беріп турған кербез Сәкен шыңы туралы сұрақтарға қатысушылар жарыса жауап берді. «Баянауыл аңызға толы мекен» атты сайыстың үшінші кезеңінде «Баянауыл елі», «Кемпіртас», «Ақбеттау» туралы аңыздарды оқушылар баяндады. Баянауыл – әулиелер мен ғұламалар көп шыққан киелі мекен. Сайыстың төртінші кезеңінде Баянауыл жерінен шыққан ақын, жазушылар, актерлер туралы сұрақтарға жауап берілді. Командалар С. Торайғыровтың, М.Ж Көпеевтің, Ш.Аймановтың шығармаларынан үзінділер оқыды. Сайыстың соңғы кезеңінде қатысушылар С.Торайғыровтың жеті атасы туралы, Шәкен Аймановтың сүйікті әндері жайлы, Қ.Сатбаевтың балалық шағы туралы бейне сұрақтарға тамаша жауап берді. Бейне сұрақтарды оқушыларға арнайы дайындаған С.Торайғыров атындағы меомориалдық мұражайының басшысы Меңсұлу Нұрбаева, Шакен Айманов атындағы мектеп-интернатының тарих және география мұғалімі Ержан Рахимтаев, Ертіс-Кереку елінің жас ақыны Бәкіжан Кәкім болған еді. |