Оқушылар сарайында әдеби кеш өтті
- Подробности
-
Категория: Әдістемелік бөлімі
-
Жарияланды: 30.11.-0001 05:00
Вечер поэзии прошел во Дворце школьников
|
Вечер поэзии прошел во Дворце школьников
|
2021 жылдың 13 қазан күні Оқушылар сарайында Қазақстанның Халық жазушысы, ақын Хамит Ерғалиев, жазушы Сайын Мұратбеков, жазушы және қоғам қайраткері Роллан Сейсенбаевқа арналған әдеби кеш өтті.
Ұйымдастырушы педагог Сюендыкова Айнаш Тлектесқызының ұйымдастыруымен ZOOM платформасында өткен әдеби кешке Павлодар облысының қала және аудан мектепрінің оқушылары қатысты.
Әдеби кешіміздің құрметті қонағы PhD докторы, Инновациялық Еуразия университетінің қауымдастырылған профессоры, доцент Сулейменова Асем Кималиденқызы болды.
Іс-шара ақын, жазушыларымыздың өмірбаяны мен қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, көркемсөз өнерінің үлкен шебері Сайын Мұратбеков туралы қысқа метражды фильмін көрсетуден басталды.
Сайын Мұратбековтың қаламынан туған туындылардың арасында деңгейі төмені жоқ. Аса талантты жазушының барлық шығармасын әр оқырман құмарта оқиды. Әлбетте, бұлардың арасында «Жабайы алма», «Жусан иiсi», «Кәмен-тоғай», «Дос iздеп жүрмiн», «Қалың қар» атты тамаша хикаяттарының орны бөлек. Оның шығармалары оқиға желiсiнiң шынайылығымен, тiлiнiң көркем де өрнектiлiгiмен, кейiпкерлерiнiң биiк адамгершiлiк қасиеттерiмен ерекшеленіп тұрады. Табиғи нанымдылығы арқасында олар оқырманын баурап отырады, - деді кеш қонағы Асем Кималиденқызы.
Қазақ әдебиетіндегі бірден-бір алып тұлға – Хамит Ерғалиев. Ұлы Отан соғысында да от кешіп жүріп жазған өлеңдерін жоғалтқан ақын жаны сәбидей шырқырады. Бірақ, оған жасыған жоқ. Алға ұмтылды. Сөйтіп, кесек-кесек дастандар дүниеге келді. Өнер тарландары жөнінде жазған дастандарын оқыған адам ақынның ірі эпик екеніне көзі жетері айқын. Бүгінгі шара – осының дәлелі, – деді іс-шара ұйымдастырушысы Айнаш Тлектесқызы.
Іс-шара барысында Май ауданы Қазан жалпы орта білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Мұхамеджан Айым Хамит Ерғалиевтің «Өзім жайлы» өлеңін оқып берді.
Сонымен қатар, кеш қонағы Асем Кималиденқызы ешкімге ұқсамайтын стилі және қызықты орамдары мен оқырман көңілінен ойып тұрып орын алған Роллан Сейсенбаевтың өмір жолы мен еңбектері жайлы тілге тиек етіп, оқушыларға ақын-жазушыларымыздың шығармаларын оқуға кеңес берді.
Түсініктемелер қосу