Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар18875530
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 12350 19486 83525 18553323 299098 307313 18875530 Сіздің IP: 216.73.216.41
Уақыт: 2025-08-23 18:16:06
|
Облыстық вебинарда дебат қозғалысы туралы талқыланды
2021 жылдың 6 қазан күні «Жас Ұлан» ББЖҰ облыстық штабы «Дебат оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін дамыту құралы ретінде» дебат қозғалысы бойынша облыстық вебинар өткізді. ZOOM платформасында өткен облыстық вебинарда үйлестірушілер, аға тәлімгерлер, әдіскерлер және Павлодар облысының дебат клубтарының жетекшілері қатысты. Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің республикалық оқу -әдістемелік орталығының дебаттық қозғалысты дамыту жобалық офисінің сарапшысы Дәулет Нүркен пікірсайыс форматтары туралы айтты. Екібастұз қаласы «Зерде» мектебінің «Ақиқат» пікірсайыс клубының жетекшісі Назымгүл Нұртаева «Оқу үрдісіне» «Дебат» технологияларын енгізуде тренердің рөлі» тақырыбында сөз сөйледі. Шарбақты облысы «Радуга» сыныптан тыс іс-шаралар орталығының пікірсайыс клубының жетекшісі Айгүл Омарова ауылдық мектепте пікірсайыс клубын ұйымдастыру тәжірибесімен бөлісті. |