Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар12809366
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 6543 5749 29438 12574557 127819 375712 12809366 Сіздің IP: 3.138.69.45
Уақыт: 2024-04-19 20:47:12
|
«ЖАС ҚАЛАМ – 2013» ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ ЖАС ЖУРНАЛИСТЕРІНІҢ ФЕСТИВАЛІ
2013 жылдың 29 қарашасында М.М.Катаев атындағы Облыстық Оқушылар сарайының негізінде Бірінші Президент күніне арналған жас журналистердің «Жас қалам» облыстық фестивалі өтті. Фестивальдің ұйымдастырушылыры - Детский пресс-центр (Вайберт Е.В., Кибатова С.Б.). Іс-шараға 7-18 жас аралығындағы оқушылар мен студенттер, балалар мен жасөспірімдер газеттерінің, журналдар мен альманахтардың, радио мен телебағдарламалар редакцияларының өкілдері, «Сенің әлемің-Твой мир» газетінің белсенді авторлары мен журналистикаға қабілеті бар оқушылар қатысты. Фестиваль мемлекеттік және орыс тілінде өткізілген дөңгелек үстелмен басталды. «Біздің де айтарымыз» бар деп аталған фестивальдің бұл беташарында Павлодар облысының балалар мен жасөспірімдерге арналған бұқаралық ақпарат құралдары мен жас журналистер бір-бірімен танысты. Тілшілер өздерінің жетістіктері, проблемалары мен болашақ жоспарлары туралы айтты. Фестивальға қатысушылар Облыстық радиоға, «Қазақстан-Павлодар», «Ирбис» телекомпанияларына, «Баспа үйі» типографиясына экскурсияға барды. Ал «Звезда Прииртышья» және «Сарыарқа самалы» газеттерінің редакциясында жас журналистерге шебер-сыныптар өткізілді. Оқышылар сарайының негізінде де «Тв-журналистика» (жетекшісі Даирбаев Д.Б., «Луч» телестудиясы), «Фотожурналистика» (жетекшісі Гречанова В.О., «Объектив» үйірмесі), «Сен журфакқа түсе қалсаң» (жетекшісі: ИнЕУ журналистика кафедрасының аға оқытушылары Кильдибекова Б.Е., Копцева В.А.), «Жарнама және PR» (жетекшісі Виталий Середин, «Фриланс» жарнама агенттігінің директоры) шебер-сыныптары ұйымдастырылды. Іс-шара соңынан барлық қатысушылар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды. |