Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12646067
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
960
17782
105016
12290016
340232
367470
12646067

Сіздің IP: 44.220.131.93
Уақыт: 2024-03-29 01:50:27

«Бірінші: Гагарин және Куба» онлайн Халықаралық фотокөрмесі

Онлайн Международная выставка фотографий  «Первый: Гагарин и Куба» Онлайн Международная выставка фотографий «Первый: Гагарин и Куба»
Онлайн Международная выставка фотографий  «Первый: Гагарин и Куба» Онлайн Международная выставка фотографий «Первый: Гагарин и Куба»

2021 жылы 9 сәуір күні М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында Юрий Гагариннің Ғарышқа ұшқанына 60 жыл толу мерекесіне орай  «Бірінші: Гагарин және Куба» атты Халықаралық көрменің онлайн ашылуы өтті. Аталмыш көрмеде Мәскеу қаласынан жіберілген  Куба елінің Ресей достық қоғамдастығы және Ресей планетарийлер қауымдастығы  жіберген бірегей фотосуреттер ұсынылды.

Онлайн Международная выставка фотографий  «Первый: Гагарин и Куба» Онлайн Международная выставка фотографий «Первый: Гагарин и Куба»
Онлайн Международная выставка фотографий  «Первый: Гагарин и Куба» Онлайн Международная выставка фотографий «Первый: Гагарин и Куба»

Ғарыштың атаулы 60-жылдық мерейтойына орай адам басқаратын космонавтика дәуірі басталуының аясында Жер-Ғаламшарының бірінші ғарышкеріне баса назар аударады.

Юрий Гагариннің өмірі көптеген оқиғаларға толы болып келеді. Көрмеде бірінші ғарышкердің Кубамен достығына арналған «Бірінші: Гагарин және Куба» атты бірегей фотосуреттері қойылған.

1964-1968 жылдары Юрий Гагарин Бүкілодақтық Куба кеңесі достығы қоғамының алғашқы президенті болды. Көрме Халықаралық акция шеңберінде «Ресей қоғамы Кубамен» Бүкілресейлік қоғамдық ұйымымен және Ресей планетарийлері қауымдастығымен бірлесіп өткізіледі.

Бұл көрмедегі суреттердің басым көпшілігін 1961 жылдың шілдесінде Юрий Гагариннің Кубаға алғашқы сапары кезінде фотограф В.Соболев түсірген.

Тарихқа айналған танымал фотосуреттерде Юрий Гагариннің Куба көшбасшылары Фидель Кастро, Эрнесто Че Гевара, Куба Президенті Освальдо Дортикос Торрадомен және қарапайым Куба азаматтарымен тамаша кездесулерінің сәттері бейнеленген.

- Халықаралық көрме Ресейдің 60-қа жуық қаласында, сондай-ақ Гаванада және Еліміздің 2 қаласында, 130-дан астам алаңда өтеді, - деді «Антарес» астроклубының жетекшісі Гүлнәр Баубекова.

Атап өтсек, бұл күндері «Антарес» астроклубы ғарыштық челлендж ұйымдастырды. Өңіріміздің оқушылары ғарыш атаулары мен нысандары бар жерлердің алдыңда фотосуретке түсіріп, оны челлендж ұйымдастырушыларына жібереді. Бұл шараның басты мақсаты жастарды ғарыш саласына баулу.

Түсініктемелер қосу