Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар15753499
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 3257 19739 22996 15471449 407862 367126 15753499 Сіздің IP: 3.23.102.79
Уақыт: 2024-12-24 07:10:23
|
«Педагогикалық шеберлік-2021» облыстық конкурсының жеңімпазы Асем Аипованы құттықтаймыз!
2021 жылдың 31 наурыз күні «Өрлеу» БАҰО АҚ Павлодарлық филиалының бастамасымен «Педагогикалық шеберлік-2021» облыстық конкурсы өтті. Конкурсқа әр-түрлі бағыттар бойынша 339 жұмыс ұсынылды. Оның ішінде күндізгі кезеңге 168 конкурстық жұмыс жіберілді: 140 авторлық өңдеулер, 20 инновациялық жоба, білім беру ұйымдарын дамытудың 8 бағдарламасы бар. «Қосымша білім беру» бағытында М.М.Катаев ат. Оқушылар сарайының әдіскері Асем Аипова 1-ші орынға ие болды. Оның авторлық әзірлемесі - «Рухани жағыру» бағдарламасы аясында жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру» сценарийлер жинағы - Оқушылар сарайында патриоттық тәрбие беру жұмысының жүйесін ұсынады. Жинаққа енгізілген барлық сценарийлер бірізді, ерекше, материалдың өзекті, жүйелі және әр тақырыпқа сай жүйелілігі бойынша ерекшеленеді, барлық құрылымдық элементтердің өзара байланысы көрінеді, оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріледі. Жинақтағы әзірлемелер екі тілде құрылған. Азаматтық позицияны, отансүйгіштік пен көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру үшін материалдарды ұсынудың және іс-шаралардың әртүрлі заманауи формалары қолданылады: тарихи тұлғалардың өмірімен және қызметімен танысу, танымал жерлестермен кездесулер, интеллектуалды іздеу ойындары, виртуалды экскурсиялар, музыкалық және әдеби қонақжайлар, байқаулар, шеберлік-сыныптар бар. Арнайы сакралды картаны қолдануымен Ертіс-Кереу елі бойынша онлайн саяхат жасау әзірлемесі қарастырылған. Барлық әзірлемелер Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері мен және қала және облысымыздың оқушыларымен жұмыс жасау барысында қолданылды. Ауқымды аудиторияны қамту үшін мерекелер онлайн форматта өткізіледі. Онлай мерекенің әзірлемесі ұсынылған. Сценарийлер жинағы иллюстративті альбоммен толықтырылған, онда барлық өткізілген іс-шаралардан фотосуреттер бар. А.С. Аипованың авторлық жұмысын оқушыларға патриоттық тәрбие беру ұйымдарының педагогтердің жұмысына ұсынуға болады. |