Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12811153
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
788
7542
31225
12574557
129606
375712
12811153

Сіздің IP: 3.21.231.245
Уақыт: 2024-04-20 03:03:42

«Аққу» облыстық қыздар клубының ашылуы

Открытие областного клуба девочек «Аққу» Открытие областного клуба девочек «Аққу»
Открытие областного клуба девочек «Аққу» Открытие областного клуба девочек «Аққу»

М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында 2021 жылдың 12 ақпан күні «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Қыз тәрбиесі – ұлт тәрбиесі» атты конференция өтті. Бұл іс шарада облыстық «Аққу» қыздар клубы ашылды.

Открытие областного клуба девочек «Аққу» Открытие областного клуба девочек «Аққу»
Открытие областного клуба девочек «Аққу» Открытие областного клуба девочек «Аққу»

Конференцияға облысымыздың жалпы орта білім беретін мектептерінің 8-11 сынып оқушылары қатысты.

Клубтың салтанатты ашылуымен «Нұр Ана Әлемі» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Бахытжамал Максилова құттықтады.

- Бүкіл халық үшін, мемлекетіміз үшін, әр отбасы үшін қыз тәрбиесі өте маңызды, өйткені қыздар елдің болашағы, үйдің тірегі. Қазақ халқы «қыз» сөзін сұлулық, ұстамдылық, сымбаттылықтың символымен байланыстырады, - деді Бахытжамал Максилова.

Клубтың жұмысымен Оқушылар сарайының бейімдеп оқыту бойынша басшының орынбасары Галия Иманбекова мәлімдеді.

- Бүгінгі қыздар - ертеңгі ана және сүйікті жар. Отбасында қыздарға жақсы тәрбие беру - болашақ ұрпақ тәрбиесінің негізі. Сондықтан отбасы қыз тәрбиесіне үлкен көңіл бөлуі керек, - деді Галия Иманбекова.

Оқушылар сарайының әдіскері Әсем Аипова шаштың қасиетті мағынасы, шаш өруге арналған шашқаптар мен бас киімдер туралы баяндап берді. Шаш, қазақтың наным-сенімі бойынша - күш, бақыт, өркендеу деген ұғымдарға тоқталды. Қазақ қызының ұзын шашы, қыз баланың мақтанышына айналған. Қазақ әйелдері өздерінің шаштарын күміс теңгелермен өрген. Шашбау, шаштенге, шолпы немесе шаштарын арнайы кестеленген шашкаппен жинап қоятын болған.

«Beauty Studio» студия жетекшісі Камила Балгымбаева «Бұрымды қыз» шеберлік сабағын көрсетті.

Түсініктемелер қосу