Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар15087929
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 1381 8541 49978 14727551 109418 453407 15087929 Сіздің IP: 18.118.10.141
Уақыт: 2024-11-09 05:10:32
|
Оқушылар сарайында Жамбыл Жабаевтың 175-жылдығына арналған әдеби қонақжай өтті
2021 жылдың 26 ақпан айында Жамбыл Жабаевтың 175-жылдығына арналған «Жамбыл – жүз жасаған бәйтерек» атты әдеби қонақжай өтті. Қазақтың ұлы ақыны, халық поэзиясының көрнекті өкілі, көркем сөздің шебері, жырау Жамбыл Жабаев 1846 жылы 28 ақпанда Шапрашты руынан шыққан кедей Жабайдың отбасында дүниеге келген. Анасы - Ұлдан, әкесі - Жабай. Әкесі ұлына Жамбыл тауының есімін берген. Ол қазіргі Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегінде дүниеге келген. Жамбыл бала кезінен домбыра тартуды үйренді. 14 жасында ол үйден кетіп, ақын болуға шешім қабылдады. Ол Сүйімбай ақыннан шешендік өнерге үйренген. Іс-шараны өткізген «Қаламгер» студиясының тілшілері және олардың жетекшілері Асем Аипова. ZOOM платформасында өткен онлайн кездесуде Аққулы ауданы, Баянауыл ауданы, Ш.Айманов мектебі, Павлодар қаласының Қалижана Беккожин мектебі және Павлодар қаласының № 33 ЖОББМ қатысты. Мереке Жамбыл Жабаевтың өмірі туралы деректі фильммен басталды. Бейнероликтен балалар жыраудың өмірінен қызықты фактілерді білді. Қонақжайды ұйымдасытрушы Асем Аипова оқушыларға Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған жедел сұрақтарды дайындап, оқушылардан жауаптарын алды. Оқушылар ақынның өлеңдері мен поэмаларын жатқа айтты. Жамбыл қазақтар мен орыс халқын достыққа шақырды, ол көптеген лирикалық, тұрмыстық, әлеуметтік-сатиралық жырлар, батырлық өлеңдер мен ертегілерді дүниеге әкелді. («Бай Қадырбайдың иті», «Қара жарлық», «Ашуланған жүрек поэмасы», «Өтеген батыр» жыры, «Сұраншы батыр», «Хан мен Ақын» ертегісі, «Еріншек туралы мысал» және т.б.). Сондай-ақ, жедел-сұрақтар бойынша балалар ақынның Ұлы Отан соғысы кезеңіндегі «Махаббат пен ыза туралы өлең», «Сталин шақырған сағатта», «Ленинградтықтар, менің өрендерім», «Мәскеу», «Отанға бұйрық» шығармаларын талдап бұл өлеңдердің танымалдығын атап өтті. Шығармашылық қонақжайда оқушылар Жамбыла Жабаевтың өлеңдерін оқыды. - Жамбыл шығармашылығы – ауыз әдебиетінің қазіргі сөз өнерімен симбиозы. Осы кезге дейін жыраудың шығармалары өзектілігін жоғалтпаған осыдан туады. Жамбыл адам баласының жүректеріне әсер ететін тақырыптарды шырқады. Жамбыл жырларына шек жоқ, ұлы ақынның үздік шығармаларын сақтау және жас ұрпаққа жеткізу біздің міндетіміз, - деді кештің ұйымдастырушы Әсем Аипова. |