Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар15753681
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 3439 19739 23178 15471449 408044 367126 15753681 Сіздің IP: 18.218.5.216
Уақыт: 2024-12-24 07:31:58
|
Елімізде алғаш рет «Тәрбие алаңы» жобалық кеңсесі ашылды
2 сәуірде Павлодар облысы білім басқармасының "Тәрбие алаңы" жобалық кеңсесінің тұсаукесері өтті. Оның қызметі кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, өмірде қиын жағдайға тап болған кәмелетке толмағандар мен отбасыларды уақтылы анықтауға, сондай-ақ оларды әлеуметтік-түзету оңалту және құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша қызметті жүзеге асыруға бағытталған. Кездесу барысында облыс департаменттері мен басқармаларының жаңа жобалық кеңсемен өзара іс-қимыл мәселесі талқыланды. Денсаулық сақтау басқармасы, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, туризм және спортты дамыту басқармасы, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті, полиция департаменті, Қазақстан Республикасының Қызыл Жарты Ай Қоғамы, сондай-ақ Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы "Тәрбие алаңы"жобалық кеңсесімен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды. Жаңа бөлімше ата-аналарды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу, медициналық патронаж, ата-аналарды жұмысқа орналастыруға және тұрғын үй-тұрмыстық жағдайларды шешуге көмек көрсету бойынша жұмыс жүргізеді. Сонымен қатар, мамандар отбасындағы психологиялық, физикалық, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға, кәмелетке толмағандардағы мазасыздықты анықтауға бағытталған оқушыларды диагностикалаумен айналысады. Жобалық кеңсе директорлардың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларымен, психологтармен, әлеуметтік педагогтармен, сондай-ақ сынып жетекшілерімен өзара қызмет жасайтын болады. «Тәрбие алаңы» жобалық кеңесі М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында, № 104 кабинетте орналасқан. Байланысу үшін: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. 8(7182)326907, +77054824503 |