Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12647506
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
2399
17782
106455
12290016
341671
367470
12647506

Сіздің IP: 3.229.124.236
Уақыт: 2024-03-29 05:02:41

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейімен ынтымақтастық жалғасуда

Сотрудничество с Национальным музеем Республики Казахстан продолжается Сотрудничество с Национальным музеем Республики Казахстан продолжается
Сотрудничество с Национальным музеем Республики Казахстан продолжается Сотрудничество с Национальным музеем Республики Казахстан продолжается

2021 жылы 29 наурызда Оқушылар сарайында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі, Павлодар педагогикалық университетінің Марғұлан орталығы қызметкерлерінің және География үйімен бірлесіп «Мектеп мұражайында жәдігерлерді сақтауды және экспонаттауды ұйымдастыру» тақырыбы аясында аймақтық оқыту вебинары өтті.

Мектеп мұражайларының жетекшілері мен тәрбие ісі жөніндегі мектеп директорларының орынбасарлары Қазақстан Республикасының мұражайы Ұлттық музейлерді дамыту орталығының біліктілігін арттыру және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің ғылыми қызметкері Роза Мұхамеджанова ұсынған мектеп мұражайларын ұйымдастыру бойынша баяндаманы тыңдады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің экспозициялар мен көрмелер бөлімінің суретші-экспозиционері Азамат Нұрмағанбетов мектеп музейінің экспозициясы туралы баяндама жасады.

Павлодар педагогикалық университетінің Марғұлан орталығының «Рухани Жанғыру» зертханасының меңгерушісі Еңлік Абеуова Павлодар өңірінде «Рухани Жанғыру» бағдарламасын мұражай экспозицияларына енгізу бойынша тәжірибесімен бөлісті. Елік Қабыкенқызы Павлодар облысының киелі жерлерін зерттеу бойынша өз материалдарын ортаға салды.

Павлодар педагогикалық университеті Марғұлан орталығы «YMAI» халықаралық ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі Татьяна Крупа мектеп мұражайында экспонаттарды сақтау мен ұйымдастыру мәселесіне үлкен назар аударды. Павлодардағы мектеп мұражайларының басшыларын музей қызметін ұйымдастыруда ынтымақтастыққа шақырды.

Павлодар қаласы География үйінің негізінде қоғамдық мұражайды дайындау тәжірибесімен Александр Вервекин өз ақпаратымен бөлісті.

- Вебинарға қатысушылар алынған ақпараттың өзектілігін атап өтті, Қазақстан Республикасының Ұлттық музейімен және облыстық музейлермен ынтымақтастықты жалғастыруды ұсынды, - деп өз ойымен бөлісті вебинар ұйымдастырушысы, Оқушылар сарайының «Аталар-ардагерлер, немерелер-іззерттегіштер» мұражайының жетекшісі Бахыт Беккожина.

Түсініктемелер қосу