Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар15733934
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 3431 15540 3431 15471449 388297 367126 15733934 Сіздің IP: 3.141.21.106
Уақыт: 2024-12-23 04:29:28
|
Оқушылар сарайында «Қыз - ұлт болашағы» атты қыз сыны байқауы өтті
2021 жылдың 4 наурыз күні Оқушылар сарайында Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында «Қыз - ұлт болашағы» атты онлайн байқауы өткізілді. ZOOM платформасында өткен қыз сыны байқауында Павлодар қаласындағы химия-биологиялық бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы Еркеназ Мұратбек, дарынды балаларға арналған Абай атындағы гимназия оқушысы Әсем Жанатова, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған облыстық қазақ гимназия-интернатының оқушысы Фариза Бекмұхамбет, Баянауыл ауданы, Ш.Айманов ат.ЖОББМ оқушысы Аружан Құсайын, Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интернатының оқушысы Ботагөз Серікпай бақ сынасты. Қыз сыны байқауының құрметті қонақтары және қазылар алқасы С.Торайғыров ат.облыстық әмбебап ғылыми кітапхананың Өлкетану және цифрлық технологиялар бөлімінің басшысы Марал Абылайханқызы Таженова, Аққулы ауданы білім бөлімінің әдіскері Асем Нұрланқызы Оспанова болды. Аталмыш онлайн шара Оқушылар сарайының «Рухани жаңғыру» кабинетінің жоспарына сай, сонымен қатар қыздарды имандылық, инабаттылық, ізеттілік, ісмерлік т.б. қасиеттерге тәрбиелеу мақсатында өткізілді. Сайыстың басты қағидасы әр қыз баланы парасатты, жан – жақты білімді болуға, әсемдік, сұлулық әлемін түсінуге тәрбиелеу, табиғат сыйлаған қасиеттерінің ашылуына көмектесу. Байқаудың шартына сай әрбір қатысушы «Мен қазақтың қызымын» таныстыру бөлімінде өздерін қара сөзбен, өлеңмен, әнмен шебер таныстырып шықты. «Бәйге» қазағымыздың салт – дәстүрлері бойынша бөлімінде қыздарымыз енші, көрімдік, ерулік байғазы, бастаңғы деген дәстүрлерді толық мағынасын аша білді. «Зерделінің ойы озық» атты кезеңде барлық сайыскерлер өнер, білім, мәдениет, тарих саласына байланысты құрылған сұрақтарға дұрыс жауап берді. «Бармағынан бал тамған» кезеңі өте қызық өтті. Сайыскерлер өз асүйлерінде торт, тәтті бәліш, ұлттық тағам әзірлеу барысынан бейнеролик түсіріп, қазылар алқасына көрсетті. «Қызды тәрбиелеген - ұлтты тәрбиелейді» атты кезеңінде қыз бала тәрбиесіне байланысты даналық сөздердің мағынасын керемет ашып берді. «Өнерлі өрге жүзер» кезеңінде әр қатысушы ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін тамаша оқып, ал кейбір қатысушылар әсем әндерін ортаға салды. Қазылар алқасының шешімі бойынша қатысушылар келесі номнацияларға ие болды. Еркеназ Мұратбек - «Білімді ару» номинациясы; Сайысқа қатысушылар дипломдармен марапатталды, ал жетекшілері алғыс хатқа ие болды. - Атамыз қазақ ерте заманнан - ақ ұрпақ өсіріп, оны тәрбиелеу ісіне ерекше назар аударған. Әсіресе қыз балаға аса көңіл бөлген. Оны ақылды, сұлу, әдепті, мейірімді де қайырымды етіп, адамгершілікке, имандылыққа тәрбиелеген. Біздің өскелең ұрпақ, қыздарымыз ұрпақтан-ұрпаққа мирас болып қалған ата-бабаларымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрып сөндірмей жалғастыратын өнерлі ұрпақ болса екен, - деді аталмыш шараны ұйымдастырушы Әсем Аипова. |