Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар15737511
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 7008 15540 7008 15471449 391874 367126 15737511 Сіздің IP: 18.222.179.96
Уақыт: 2024-12-23 09:05:02
|
Оқушылар сарайы Қазақстан Республикасының Ұлттық мұражайымен бірлесіп вебинар өткізді
2021 жылдың 28 қаңтар күні Оқушылар сарайында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі мен Павлодар педагогикалық университетінің «Марғұлан орталығы» қызметкерлерінің қатысуымен «Музей қызметін ұйымдастырудағы педагогикалық инновациялар» тақырыбында вебинар өтті. Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұражайы - бұл тек Қазақстандағы ғана емес, сонымен қатар бүкіл Орта Азия аймағындағы ең көне және ірі мұражайлардың бірі болып табылады. Музей жұмысының бағыттарының бірі - білім беру мекемелерімен өзара ынтымақтастықта жұмыс жасау. Оқушылар сарайы Павлодар қаласының мектептерінің мұражай жетекшілеріне және тәрбие ісі бойынша мектеп директорларының орынбасарларына арналған вебинар ұйымдастырды. ҚР Ұлттық музейінің экскурсоводы Айгүл Рахтаева өз сөзінде мектеп мұражайының ресурстарын оқу процесінде пайдаланудың маңыздылығына тоқталды. Айгүл Нұриденқызының айтуынша, музейде қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын, ұлттық киімдерін, тұрмыстық заттары мен музыкалық аспаптарын зерттейтін шаралар өткізілуі керек екендігін атап өтті. Қазақстан Республикасы Ұлттық мұражайын дамыту орталығының біліктілігін арттыру және әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің ғылыми қызметкері Роза Мұхамеджанова мектеп музейлерінің түрлері мен негізгі қызмет бағыттары туралы мол ақпарат берді. Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің қор жұмысы бөлімінің бастығының міндетін атқарушы Батеш Ақпасова мұражай құндылықтарын тіркеу жұмыстары бойынша баяндама жасады. Мектеп мұражайларының басшылары үшін мұражай құжаттарын дұрыс жүргізу және қолданатын экспонаттардың сипаттамаларын жүргізу бойынша ұсыныстар берілді. Павлодар педагогикалық университетінің Марғұлан орталығының «Рухани Жанғыру» зертханасының меңгерушісі Еңлік Абеуова Павлодар өңірінде «Рухани Жанғыру» бағдарламасын мұражай экспозицияларына енгізу бойынша тәжірибесімен бөлісті. Елік Қабыкенқызы Павлодар облысының киелі жерлерін зерттеу бойынша өз материалдарын ортаға салды. Павлодар педагогикалық университеті Марғұлан орталығы «YMAI» халықаралық ғылыми-зерттеу зертханасының меңгерушісі Татьяна Крупа мектеп мұражайында экспонаттарды сақтау мен ұйымдастыру мәселесіне үлкен назар аударды. Павлодардағы мектеп мұражайларының басшыларын музей қызметін ұйымдастыруда ынтымақтастыққа шақырды. Оқушылар сарайы Татьяна Николаевнаны онлайн вебинарды ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіреді. - Вебинар қатысушылары музей қызметін ұйымдастырудағы педагогикалық инновациялар бойынша көп танымдық ақпарат алды, - деп өз ойымен бөлісті вебинар ұйымдастырушысы, Оқушылар сарайының «Аталар-ардагерлер, немерелер-іззерттегіштер» мұражайының жетекшісі Бахыт Беккожина. |