Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар15087928
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 1380 8541 49977 14727551 109417 453407 15087928 Сіздің IP: 18.118.10.141
Уақыт: 2024-11-09 05:10:12
|
«Қаламгер» баспаөз орталығының түлегімен онлайн – интервью
2021 жылдың 21 қаңтар күні «Қаламгер» баспаөз орталығының оқушысы, 2012 жылдың түлегі Адина Хамармен онлайн-кездесу өтті. Қазіргі таңда Адина Нұр - Сұлтан қаласында «Black&White» медиакомпаниясының продюсері. «Black & White» медиа компаниясы – Қазақстандағы бейнеөндіріс көшбасшыларының бірі. Компания өз жұмысын 2013 жылы бастап, осы уақыт аралығында 200-ден астам бейнежобаларды жүзеге асырды. Бұл деректі және корпоративті фильмдер мен имидждік бейнероликтер. Адина ауқымды жобалар, оның ішінде қойылым-ойын, деректі, инфографикалық, анимациялық бейнеөнімдер жасау жұмыстары бойынша басшылық етеді. 2020 жылда жұмысының басты тақырыптары еріктілер және салауатты өмір салты болған екен. «Каламгер» тілшілері медиакомпанияның бейнежобаларын қарап, Адинаға сұрақтар қойып, болашақ мамандықтарына байланысты кеңестер алды. - Балалар армандаңдар, батыл болыңдар, кітап көп оқыңдар, алға қойған мақсаттарына жетіп, тек алға ұмтылыңдар! Өз кәсіптеріңді сүйіңдер, өз істерінің майталман маманы болыңдар, - деп кеңес берді «Black& White» медиакомпаниясының продюсері Адина Хамар. Онлайн кездесуге жас тілшілер және олардың ата-аналары, сонымен қатар Павлодар қаласы №35 ЖОББМ-нің ұстазы, Адинаның оқытушысы Қалқа Жунуспаева қатысты. |