Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12813862
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
3497
7542
33934
12574557
132315
375712
12813862

Сіздің IP: 3.141.8.247
Уақыт: 2024-04-20 13:04:32

Сүйікті газетіміз, туған күніңмен!

С днем рождения, любимая газета! С днем рождения, любимая газета!
С днем рождения, любимая газета! С днем рождения, любимая газета!
 

Биыл «Сенің әлемің - Твой мир» газеті он төртінші рет туған күнін атап өтті. Газет 2006 жылдың 12 желтоқсан айынан бастап облыстық «Жас Ұлан» балалар-жасөспірімдер ұйымының баспа өнімі болып табылады. Бұл балалар мен жасөспірімдерге арналған жалғыз басылым. Газеттің тақырыбы әртүрлі, жасөспірімдер өмірінің барлық аспектілерін қамтиды. Бірнеше рет облыстық «Твой мир-Сенің әлемің" балалар газеті «Под счастливой звездой: нам жить в новом мире» халықаралық байқауына қатысып, «Бірегей басылым», «Балалар өмірін үздік жариялау», «Үздік дизайн», «Балалардың үздік баспасы» номинацияларында бірінші орынға ие болды. Ал жас тілшілер «Үздік айдар - Мамандыққа жол» номинациясында марапатталды.

2019 жылдың қаңтар айынан бастап газет Оқушылар сарайының сайтында электронды форматта шығады. Жыл бойы редакция мектеп баспасөз орталықтарымен байланысып, белсенді жұмыс жүргізеді, Олар газет беттерінде өз мектептерінің қызықты оқиғаларын баяндайды, жетістіктері мен алған марапаттары туралы айтады, "Қаламгерлер" айдарында авторлық туындыларды ұсынады. Газетте жалпы білім беретін мектептерден басқа аудандық өнер мектептері мен оқушылар үйлері, білім бөлімдері мен балабақшалар ұжымдары белсенді жұмыс атқарып, баспаға материадарын жібереді.

Жас авторлардың шығармашылық қабілеттерін айқындау мақсатында газет редакциясы жыл сайын конкурстар өткізеді. 2020 жылы оқырмандар «Менің отбасым», «Біз бірге газет жасаймыз», «Менің балалар кітабымның апталығы», Мменің сүйікті мультфильмім», «Елдің асыл тірегі - Ата заң» балалар комикстерінің байқауына, «Ертістің киелі жерлеріне саяхат», «Бір ел – бір отбасы» жас блогерлер байқауына белсене қатысты. Барлық байқаулардың жеңімпаздары дипломдармен марапатталды.

Жыл соңында газет редакциясы дәстүрлі түрде газеттің белсенді авторларына Алғыс хаттар табыстайды. Барлық газеттің белсенді авторларына алғыс хаттарды электронды форматта жариялаймыз.

Баршаларыңызға шығармашылық табыс тілейміз, газетпен одан әрі ынтымақтастықта жұмыс жасайды деп үміттенеміз.

 

Дипломдарды жүктеу

Түсініктемелер қосу