Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар24469586
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 2964 8566 72133 24148758 253506 527623 24469586 Сіздің IP: 216.73.217.95
Уақыт: 2026-10-18 07:10:41
|
Әл-Фарабидің мұрасын Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері зерделеді
2020 жылдың 20 қарашы күні Оқушылар сарайында «Әл-Фараби» мұрасы атты онлайн конференция өтті. 2020 жылы ғалым философ Әл-Фарабидің 1150-жылдығы тойланды.
Аталмыш шараны «Каламгер» баспасөз орталығы және «Антарес» астрономдар клубы ұйымдастырды. Балалар Әл-Фарабидің әлемдік ғылымға қосқан үлесін зерттеді. Өз баяндамаларында оның, еңбектерінің маңызы, шығармашылығының әртүрлі мәдениеттердің жақындасуына әсері туралы айтты, өткенді зерттеудің маңыздылығын, уақыттың байланысын көрсете білді. Мельниченко Богдан өз баяндамасында «Әл-Фарабидің еңбектеріндегі философия», Манабаев Сарман - «Әл-Фарабидің еңбектеріндегі астрономия», Гайдунко Назар - «Музыка және Аль-Фараби», Нурпеисова Карина - «Аль-Фарабидің нақыл сөздері», Ахметова Айлана - «Аль-Фарабидің өмірінен қызықты фактілер» туралы айтып берді.
Павлодар қаласының №5 ЖОМ-нің мұғалімі Айгуль Молдаш өзінің оқушысы Али Бауржанұлымен іс-шараға қатысты.Олар өздерінің «Ғалым болғым келеді» атты жұмысымен таныстырған болатын. Али конференцияның ең кішкентай қатысушысы болды. Ол бірінші сыныпта оқиды. |














