Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар13835682
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 2078 12206 2078 13607855 266990 319704 13835682 Сіздің IP: 3.148.104.174
Уақыт: 2024-07-29 03:21:16
|
Оқушылар сарайында медиасауаттылық бойынша вебинар-практикум өтті
2020 жылдың 19 қараша күні «Медиасауаттылықты қалыптастыру бойынша жұмысты ұйымдастыру және білім беру процесінің барлық қатысушыларының ақпараттық құзыреттілік деңгейін арттыру» бойынша облыстық вебинар-практикумы өтті. Вебинарға 40-қа жуық мектеп баспасөз-орталығының жетекшілері, аға тәлімгерлер, мектеп ішінде БАҚ-на жауапты ұстаздар қатысты. Оқушылар сарайының медиа орталығының қызметі және Облыстың білім беру мекемелерінде баспасөз орталықтарымен ынтымақтастық туралы әдіскер Татьяна Суворова баяндады. Оқушылар сарайының педагогтері Асем Аипова мен Даулет Даирбаев «Жас тілшілерді сұхбатқа дайындау» және «Репортаж жасаудың алгоритімі» жайлы шеберлік-сынып өткізді. Жас тілшілермен жұмыс жүргізудегі тәжірибелері туралы Железинка ауданының өнер мектебінің «Жас тілші» үйірмесінің жетекшісі Алтын Булатбаева және Павлодар қаласы №43 ЖОББМ-нің жас тілшілер үйірмесінің жетекшісі Татьяна Шувалова баяндап берді. Вебинар қатысушылары баяндамалардың мазмұнының тереңдігін және шеберлік-сабақтардың құндылығын атап өтті. |