Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар16411478
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 5347 20398 63454 16078164 92156 460667 16411478 Сіздің IP: 18.189.157.115
Уақыт: 2025-02-07 12:43:25
|
Оқушылар сарайының тәрбиеленушісі жылдың үздік волонтері атанды
2020 жылдың 30 қазан күні қазақстандық «Жылдың сүйіктісі» ұлттық сыйлығы аясында өткізілетін «Жас Өркен» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
«Жасұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының көшбасшысы, М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының «Ровесник» клубының тәрбиеленушісі Данила Рыбин «Үздік волонтер» номинациясы бойынша Республикалық балалар сыйлығының Бас жүлдесін жеңіп алды. Данила - сыбайлас жемқорлыққа қарсы үгіт-насихат топтарының облыстық байқауының жеңімпазы, «Павлодар - менің сүйікті қалам» аймақтық онлайн-байқауының жеңімпазы, Республикалық «Мың бала» атты Абай Құнанбаевтың өлеңдерін мәнерлеп оқу байқауының қатысушысы. 2019 жылдан бастап Павлодар қаласының №20 мектебінің Ұланбасшысы. Оқушы қоржынында мектепішілік «КВН» лигасының екінші дәрежелі диплом, «ЖасҰлан» Республикалық балалар-жасөспірімдер штабы атынан алғыс, «Павлодар жүректері» қоғамдық қорынан алғыс хат, Павлодар қаласының Киокушинкай каратэден облыстық чемпионатындағы жеңісі үшін ІІІ дәрежелі дипломы бар. Жас волонтерді құттықтаймыз! |