Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

14170933
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
2533
3330
45051
13886214
2533
302882
14170933

Сіздің IP: 18.117.188.213
Уақыт: 2024-09-01 06:55:55

Баянауылдың рухани мұрасы

Духовное наследие Баянаула Духовное наследие Баянаула
Духовное наследие Баянаула Духовное наследие Баянаула

2020 жылдың 14 қазан күні М.М. Катаев атындағы Оқушылар  сарайы және  «Bilim Life» жастар YouTube каналы  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Павлодар қаласының оқушылары үшін киелі Баянауыл елінің музейлері бойынша онлайн-экскурсия ұйымдастырды.

Духовное наследие Баянаула Духовное наследие Баянаула
Духовное наследие Баянаула Духовное наследие Баянаула

Баянауыл – киесі мен иесі бар, табиғаты тамаша құт мекен. Баянауыл жері көптеген ғалымдардың, жазушылардың, ақындардың және қоғам қайраткерлерінің Отаны. Бұл даңқты Бұқар жыраудың, Шоң бидің, он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысындағы және жиырмасыншы ғасырдың басындағы композитор Жаяу Мұса Байжановтың, алғашқы қазақтан шыққан тарихшы, ағартушылардың бірі Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің және қазақ әдебиетінің классигі, ақын, ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың елі.

Онлайн-экскурсия Қаныш Сатбаев атындағы және Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы мемориалдық музейлері бойынша және Зейтін Ақышев және Шәкен Аймановтың мектеп музейлері бойынша өтті.

Оқушылар экскурсияны тамашалай отырып атақты жерлес ақындарымыздың өмірі мен шығармашылығынан көп мәлімет алып, құнды еңбектерімен танысып, жеке заттарын көреді.

Онлайн-экскурсияға Оқушылар сарайының «Қаламгер» студиясының жас тілшілері Бақтияр Даниялов және Елдана Ержан қатысты.

- Бабаларымыз Қазақстанның кең байтақ жерін, төлтума мәдениетін бізге мұра етіп қалдырды. Осы мұраны көзіміздің қарашығындай сақтап, зерттеп, өскелең ұрпаққа таратуымыз керек, - деді әдіскер Әсем Аипова.

Түсініктемелер қосу