Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар15742603
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 12100 15540 12100 15471449 396966 367126 15742603 Сіздің IP: 3.133.148.222
Уақыт: 2024-12-23 15:09:21
|
Баянауылдың рухани мұрасы
2020 жылдың 14 қазан күні М.М. Катаев атындағы Оқушылар сарайы және «Bilim Life» жастар YouTube каналы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Павлодар қаласының оқушылары үшін киелі Баянауыл елінің музейлері бойынша онлайн-экскурсия ұйымдастырды. Баянауыл – киесі мен иесі бар, табиғаты тамаша құт мекен. Баянауыл жері көптеген ғалымдардың, жазушылардың, ақындардың және қоғам қайраткерлерінің Отаны. Бұл даңқты Бұқар жыраудың, Шоң бидің, он тоғызыншы ғасырдың екінші жартысындағы және жиырмасыншы ғасырдың басындағы композитор Жаяу Мұса Байжановтың, алғашқы қазақтан шыққан тарихшы, ағартушылардың бірі Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің және қазақ әдебиетінің классигі, ақын, ағартушы Сұлтанмахмұт Торайғыровтың елі. Онлайн-экскурсия Қаныш Сатбаев атындағы және Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы мемориалдық музейлері бойынша және Зейтін Ақышев және Шәкен Аймановтың мектеп музейлері бойынша өтті. Оқушылар экскурсияны тамашалай отырып атақты жерлес ақындарымыздың өмірі мен шығармашылығынан көп мәлімет алып, құнды еңбектерімен танысып, жеке заттарын көреді. Онлайн-экскурсияға Оқушылар сарайының «Қаламгер» студиясының жас тілшілері Бақтияр Даниялов және Елдана Ержан қатысты. - Бабаларымыз Қазақстанның кең байтақ жерін, төлтума мәдениетін бізге мұра етіп қалдырды. Осы мұраны көзіміздің қарашығындай сақтап, зерттеп, өскелең ұрпаққа таратуымыз керек, - деді әдіскер Әсем Аипова. |