Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар16882277
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 5662 14492 46073 16552411 228722 334233 16882277 Сіздің IP: 18.116.202.216
Уақыт: 2025-03-14 13:15:44
|
«Біздің мұра» акциясы
Павлодар облысының жасұландары мен еріктілері «Birgemiz Asyl Mura» және «Birgemiz Taza ALEM» жалпыұлттық жобалары аясында «Қазқонақ» тарихи және мәдени ескерткішінде «Біздің мұра» акциясын өткізді.
Аталмыш іс-шара екі бөлімді қамтыды. Бірінші бөлімде «Қазқонақ» бірегей мәдени-тарихи табиғат ескерткішінің аумағында «Birgemiz Таза Әлем» жобасы аясында плоггинг ұйымдастырылып, еріктілер аймағымызды қоқыстардан тазартты. Ал екінші бөлімде атақты журналист, Павлодар облысының география үйінің директоры Александр Анатольевич Вервекиннің шақыруымен бірегей экскурсия ұйымдастырылды. Александр Анатольевич ұлттық мәдени мұраның тарихымен таныстырып, табиғат құндылықтарына тоқталып, география саласы бойынша көп ақпар берді. Біз @pavgeo география үйіне алғысымызды білдіріп, болашақта бірлесіп жұмыс жасаймыз деген үмітіміз бар! |