Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар23613262
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 3755 15430 34361 23254078 504688 322822 23613262 Сіздің IP: 216.73.216.156
Уақыт: 2026-08-26 06:14:25
|
«Қаламгер» жас тілшілері «Қанат қағу» онлайн-фестиваліне қатысты
2020 жылдың 25 мамыр күні облыстық Оқушылар сарайының «Қаламгер» баспасөз-орталығының жас тілшілері «Қанат кағу» жас тілшілерге арналған облыстық онлайн-лездемесіне қатысты. Аталмыш онлайн шараны «ZOOM» платформасында ИНЕУ-нің «Тілдер, әдебиет және журналистика» кафедрасының оқытушылары ұйымдастырған болатын. Фестивальге балалар-жасөспірімдер газеттерінің, журналдар мен радио телебағдарламалардың өкілдері қатысқан болатын.
«Қаламгер» тәрбиеленушілері 2006 жылдың қыркүйек айынан бастап Халық радиосының 100.5 FM толқынында шығып келе жатқан «Жас тілші» радиобағдарламасын ұсынған болатын. «Жеңіске 75 қадам» атты Жеңістің мерейтойына арнайы жасалған радиохабар фестиваль ұйымдастырушыларының көңілінен шықты. Жас тілшілер фестиваль аясында «Тілдер, әдебиет және журналистика» кафедрасының аға оқытушысы Марал Айтмагамбетованың шеберлік-сабағына қатысты. Шеберлік-сабақта жас тілшілер интернет-БАҚ үшін жаңалықты қалай жазу керектігін біліп қана қоймай, сұрақтарға жауап беріп, өздері сұрақ қойып, практикалық тапсырмаларды орындады. Фестивальдің барлық қатысушылары дипломдарға қол жеткізіп, жетекшілері Әсем Аипова алғыс хатпен марапатталды. |














