Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12647975
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
2868
17782
106924
12290016
342140
367470
12647975

Сіздің IP: 34.205.246.61
Уақыт: 2024-03-29 05:54:37

Қашықтан өткізілген конкурстардың қортындысы

Подведены итоги дистанционных конкурсов Подведены итоги дистанционных конкурсов
Подведены итоги дистанционных конкурсов Подведены итоги дистанционных конкурсов
 

«Сенің әлемің - Твой мир» облыстық газетінде жарияланған екі конкурс өз мәресіне жетті.  «Газетті бірге жасаймыз» конкурсына 106 адам қатысса, «Менің балалар кітап апталығым» атты байқауына – 350 адам қатысты.

Подведены итоги дистанционных конкурсов Подведены итоги дистанционных конкурсов
Подведены итоги дистанционных конкурсов Подведены итоги дистанционных конкурсов
 

«Газетті бірге жасаймыз» байқауына редакция алқасы қатысушыларға көптеген номинацияларды ұсынды. «Handmade» номинациясында балалар өз қолымен жасаған бұйымдардың және арманындағы ойыншықтардың жасалу жолдарын түсіндірді. «Қаламгер қадамы» атты номинациясы «Ертегі әлеміне саяхат» атты оқушылардың авторлық ертегілеріне толықты. «Отбасымызбен біргеміз» атты номинация бойынша оқушылар өз отбасының өмірі туралы баяндады.

«Шебер бала» номинациясына қызықты жұмыстар қабылданды. «Абай әлемі» номинациясы бойынша ғұлама ақынға арналған эссе, өлеңдер, шығармалар қабылданды. «Жеңіске 75 қадам» номинациясына көптеген балалар өздерінің ардагер – аталары туралы жазыпты. «Ғажайып ғарыш әлемі» номинациясына да өте көп материалдар түсті. «Жыр жауқазын» номинациясына қатысушылар еркін тақырыпта өз қалам ұшынан шыққан туындыларын жіберген болатын.

«Менің балалар кітап апталығым» атты байқауына оқушылар «Кітаппен бірге селфиге түсу», «Сүйікті ертегі кейіпкерлері», «Отбасымызбен бірге кітап оқимыз» атты тақырыбына эссе жазу жұмыстарын дайындаған болатын.

Газет редакциясы байқаудың қортындысын шығарған кезде кітаппен бірге суретке түскен қатысушылардың жұмыстарын атап өтті. Бұл қатысушылар селфиге түспей, кітаппен бірге фотопортрет жасаған болатын. Басқа да қатысушылар «Менің кітап әлемім» атты номинация бойынша дипломдарға ие болды. Эссе және сурет салған оқушылар жұмыстары қазылар алқасының көңілінен шықты.

Күн сайын бұл жұмыстар әлеуметтік желілерге жүктелген болатын.

Айта кетсек, 456 жұмыстың барлығын толық желіге жүктеу мүмкіндік болған жоқ. Барлық жұмыстар жуырда «Сенің әлемің - Твой мир» облыстық газетіне және Оқушылар сарайының http://www.dshk.kz/ атты ресми сайтына жарияланады.

Қортынды

Түсініктемелер қосу