Бейнежаңалықтар
Оқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар24689576
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 18220 21605 18220 24448750 97689 375807 24689576 Сіздің IP: 216.73.216.157
Уақыт: 2026-11-09 16:33:33
|
Поэзия менімен егіз бе едің?
Күзгі демалыстың соңғы күні Оқушылар сарайында «Очарованные поэзией» атты павлодарлық оқушыларға кездесу ұйымдастырылды. Оған «Рауан» студиясы шәкірттерінен басқа №№9,13,16,27,28,34,38,39 мектептен, «Стикс» мектебінен және химия-технологиялық колледждан балалар қатысты. Алғаш болып өз өлеңдерін Акул Мадьян, Мария Мухина, Ырысты Букваева оқыды. Келесі кезекті қонақтар алды. Олардың қатарында №34 мектептен Саша Швецова, «Стикс» мектебінен Ксения Давыдова мен Лидия Саенко, №28 мектептен Жанель Мусалдаева болды. Іс-шараның ерекшелігі – шет тілде жазылған өлеңдердің оқылуы. Акул Мадьян араб тілінде, ал Ксения Гергерт жапон тілінде жазылған өлеңдерімен көпшілікті таныстырды. Бұдан кейін театр басталды. Балалар әні мен сөзі жазылған ертегілерді ойнап, іс-қимылмен оның мазмұнын жеткізді. Бір сөзбен айтқанда кездесу қызықты өтті және бұндай жиындарды жиі ұйымдастырып отыру келісілді. |














