Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар18216813
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 13489 13604 50110 17933280 328251 340041 18216813 Сіздің IP: 216.73.216.64
Уақыт: 2025-06-26 21:51:23
|
Оқушылар сарайында «Маусымашар-2020» облыстық ойыны өтті
2020 жылдың 13 ақпан күні М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында Облыстық мектептердің жоғары және орта сыныптары арасында «Волонтер жылы» шеңберінде Жайдарман лигасы «Маусымашар-2020» ойыны өтті.
Көңілділер мен тапқырлар ойынына қала және аудандардан 12 команда қатысты. Олар: Павлодар ауданы, Ақтоғай, Баянауыл, Май, Шарбақты аудандары және Ақсу қаласы, сонымен қатар Абай атындағы № 10 лицей мектебі, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған қазақ гимназия интернатының оқушылары бақтарын сынады. Ойынның басты мақсаты оқушылардың моральдық, рухани және мәдени құндылықтарын арттыру, эстетикалық қабілетін дамыту, оқушылардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыра білуге үйрету. Мектеп оқушылары арасында Жайдарман ойындарының қозғалысын дамыту. Оқушылардың бойына мейірімділік қасиеттерді баулу. Ойынның басты тақырыбы: «Көңілді еріктілер». Сахынада көңілді және тапқыр оқушылар Еріктілер жылы туралы айтып, Ұлы Абайдың шығармаларынан үзінділер оқыды. Оқушылар ән айтты, би биледі, көрермендерді әзілдерімен таң қалдырды. Ойын қортындысы бойынша үлкен кубокты Кемеңгер ауылының командасы, ал кіші кубокты Ақсу командасы иеленді. |