Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар21543756
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 6256 13516 28537 21255117 38928 430355 21543756 Сіздің IP: 216.73.216.101
Уақыт: 2026-03-04 11:33:42
|
Оқушылар сарайында «Маусымашар-2020» облыстық ойыны өтті
2020 жылдың 13 ақпан күні М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында Облыстық мектептердің жоғары және орта сыныптары арасында «Волонтер жылы» шеңберінде Жайдарман лигасы «Маусымашар-2020» ойыны өтті.
Көңілділер мен тапқырлар ойынына қала және аудандардан 12 команда қатысты. Олар: Павлодар ауданы, Ақтоғай, Баянауыл, Май, Шарбақты аудандары және Ақсу қаласы, сонымен қатар Абай атындағы № 10 лицей мектебі, Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған қазақ гимназия интернатының оқушылары бақтарын сынады. Ойынның басты мақсаты оқушылардың моральдық, рухани және мәдени құндылықтарын арттыру, эстетикалық қабілетін дамыту, оқушылардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыра білуге үйрету. Мектеп оқушылары арасында Жайдарман ойындарының қозғалысын дамыту. Оқушылардың бойына мейірімділік қасиеттерді баулу. Ойынның басты тақырыбы: «Көңілді еріктілер». Сахынада көңілді және тапқыр оқушылар Еріктілер жылы туралы айтып, Ұлы Абайдың шығармаларынан үзінділер оқыды. Оқушылар ән айтты, би биледі, көрермендерді әзілдерімен таң қалдырды. Ойын қортындысы бойынша үлкен кубокты Кемеңгер ауылының командасы, ал кіші кубокты Ақсу командасы иеленді. |














