Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12653845
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
8738
17782
112794
12290016
348010
367470
12653845

Сіздің IP: 3.83.32.226
Уақыт: 2024-03-29 18:12:36

Адамзаттың перзенті Ұлы Абай

Адамзаттың перзенті Ұлы Абай Адамзаттың перзенті Ұлы Абай
Адамзаттың перзенті Ұлы Абай Адамзаттың перзенті Ұлы Абай

9 қаңтар күні М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына арналған «Адамзаттың перзенті Ұлы Абай»  атты мерекелік концерт өтті. Аталмыш мереке ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтың мерейтойына арналған іс-шаралардың  жалғасы болып отыр.

Адамзаттың перзенті Ұлы Абай Адамзаттың перзенті Ұлы Абай
Адамзаттың перзенті Ұлы Абай Адамзаттың перзенті Ұлы Абай

Павлодар қаласының мектеп оқушылары қалалық конкурстардың жеңімпаздарының орындауында Абай Құнанбаевтың туындыларымен танысып, №1 балалар музыка мектебінің қобыз ансамбілінің орындауында «Көзімнің қарасы» шығармасын тыңдады. Оқушылар сарайының көркемөнер және би ұжымдары сахына төрінде ең үздік шығармаларын орындап, көркем сөз оқу шеберлері өздерінің қалам ұшынан шыққан өлеңдерін паш етті.

Кештің құрметті қонағы әйгілі абайтанушы Даниял Асенов болды. Ол Абай әлемінің бай рухани мәдени мұрасына айналған шығармаларын баяндап берді. Соынмен қатар балаларға Абайдың «Қыс», «Қара сөздерін» оқыды.

Адамзаттың перзенті Ұлы Абай Адамзаттың перзенті Ұлы Абай
Адамзаттың перзенті Ұлы Абай Адамзаттың перзенті Ұлы Абай

Оқушылар сарайының үлкен залында эстетика бөлімінің бейнелеу өнерінің және сәндік-қолданбалы студияларының тәрбиеленушілері Абай туындыларының желісімен салынған суреттер көрмесін ұсынды.

Адамзаттың перзенті Ұлы Абай Адамзаттың перзенті Ұлы Абай
Адамзаттың перзенті Ұлы Абай Адамзаттың перзенті Ұлы Абай

- Елімізде 2019 жылдың тамыз айынан бастап Абай Құнанбаевтың жылы болып жарияланған болатын. Оқушылар сарайында «Абай мұрасы-халық ұлағаты» атты әдеби-сазды қонақжайлар, «Абайды оқы, таңырқа» атты «Қаламгер» жас тілшілер студиясының челленджі өткізілді, - деді мерекелік концерттің ұйымдастырушысы Әсем Аипова.

- Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласын жариялаған болатын. Бұл мақала ойшыл, дана Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жылдық мерейтойына арналып отыр. Оқушылар сарайының Абайға қатысты мерекелік іс-шаралардың өткізіп отырғаны мені қатты қуантты, қазіргі таңда өзекті болып отырған Абай шығармалары жас ұрпақты оның мол-мәдени мұрасымен таныстырады, - деді Даниал Асенов.

Түсініктемелер қосу