Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар15975068
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 1138 5464 22601 15648833 116413 513018 15975068 Сіздің IP: 3.138.137.114
Уақыт: 2025-01-08 00:38:48
|
Ұлы даланың ұландары
Ел Тәуелсіздігінің мерекесі алдыңда 11 желтоқсан күні Облыстық Оқушылар сарайында «Ұлы даланың ұландары» атты интеллектуалды сайысы өткізілді. Сайыстың басты мақсаты оқушыларға қазақ халқының тілін, тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін насихаттау, патриоттық тәрбие беру. Сайысқа Павлодар қаласының №25 ЖОББМ-нен «Жасstar» тобы, №37 ЖОББМ-нен «Алау» тобы, № 35 мектептің «Болашақ» тобы қатысты. Сайыс жеті кезеңді қамтыды. Командалар өз топтарын таныстырып, ұлы даланың жеті қыры бойынша сұрақтарға жауап берді, арнайы дайындалған карточкалардан ұлттық ат-спорт ойындарын таба білді. Ойынның «Кім жылдам» кезеңінде «Ұлы даланың есімдері» бойынша білімдерін кеңейтті, ал «Сандар сөйлейді» кезеңінде егемен еліміздің тарихына, айтулы даталар бойынша сқрақтарға жауап берді. Сайысқа қатысушылар жергілікті ақын-жазушылардың өмірі мен шығармашылығын зерделеп мерейтой иелерімен танысты. «Өнер алды – қызыл тіл» кезеңінде мақал-мәтел жарысынан үздік білімдерін көрсетті. Әділ-қазылардың шешімі бойынша бірінші орынды Павлодар қаласының №37 мектебінің оқушылары «Алау» тобы иеленді. Ал екінші орынды № 35 мектептің «Болашақ» тобы жеңсе, № 25 мектептің «Жасstar» тобы үшінші орынды қанжығасына байлады. - Сайыста оқушылар «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын зерделеп, жергілікті ақын-жазушылардың, мерейтой иегерлерінің өмірі мен шығармашылығына тоқталды. Тәуелсіз Қазақстанның тарихына шолу жасады. Төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан тұтатын халықтың болашағы зор. Қазіргі өскелең ұрпақ өткенін мақтан тұтып, бүгінін нақты бағалай білетін жастар болу керек, - деді Оқушылар сарайының әдіскері, сайыс ұйымдастырушысы Асем Аипова. |