Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар15771160
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 11112 9806 40657 15471449 425523 367126 15771160 Сіздің IP: 18.226.34.148
Уақыт: 2024-12-25 22:12:11
|
Павлодарлық оқушылар экологиялық білімдерін көрсете білді
2019 жылдың 29 қараша күні Облыстық Оқушылар сарайында «Жас Ұлан» Республикалық штабының бастамасымен «Жас Ұлан» балалар-жасөспірімдер ұйымының облыстық штабы Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандырылған мектебі, «Білім-Инновация», № 10 лицей-мектебі, дарынды балаларға арналған көпсалалы облыстық лицейі, Ы.Алтынсарин атындағы облыстық қазақ гимназия-интернаты, №3 дарынды балаларға арналған гимназиясының оқушылары үшін «Eco Alem» эко-ойынын өткізген болатын. «Eco Alem» ойын алаңында қатысушылар үшін экологиялық бағыт бойынша сұрақтар мен тапсырмалар әзірленді. Бұл тапсырмалар арқылы әрбір оқушы қалдықтарды дұрыс сұрыптап үйренеді, сонымен қатар әртүрлі қоқысты бөлуге немесе қайта өңдеуге қанша уақыт жұмсайтының анықтайды. Ойын алдыңда оқушыларға «көміртегі ізі» дегеніміз не екенің түсіндіріп, әр қатысушыға 50 тонна CO2 төленген болатын. Жеңіске жету үшін ойыншылар сұрақтарға дұрыс жауап беріп, тапсырмаларды орындап, көміртегі ізін «0»-ге дейін төмендетеді. Бұл ойында экологиялық тапсырмалардан басқа, қазақ халқының салт-дәстүрлері бойынша тапсырмалар да қамтылған. Әрбір ойыншы асықты шерту арқылы ойынды жалғастырады. Конкурс қортындысы бойынша дарынды балаларға арналған Облыстық көпсалалы интернаты 3 орынға, дарынды балаларға арналған №3 гимназиясы 2 орынға иеленді. Дарынды балаларға арналған Абай атындағы №10 мектеп-лицейінің командасы бас жүлдеге ие болды. Олар 4-5 желтоқсан күндері Нұр-сұлтан қаласында өтетін республикалық чемпионатқа шақыру алып, 80 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды. Айта кетсек, көміртегі мөлшерін кәсіпорындар мен ұйымдар үшін, және әр адам үшін жеке еспетеуге болады. Әр адам өзінің көміртек ізін білу үшін «CO2 – көміртегі ізін есептеу» қосымшасын жүктеп алып арнайы калькулятормен еспептеп алуға болады. - Бұл ойын экологиялық білім мен дағдыларды, патриоттық сезімді, өз жеріне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру үшін және экологиялық мәдениеттің деңгейін арттыру үшін бағытталған. Елордада жеңіске жеткен оқушылар 250 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болады, - деді Павлодар облысы бойынша «ЖасҰлан» ҚБЖҰ-ның аймақтық хатшысы Самал Сулейменова. |