Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12652368
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
7261
17782
111317
12290016
346533
367470
12652368

Сіздің IP: 44.200.175.46
Уақыт: 2024-03-29 14:52:51

«Қаламгер» тілшілері «Айналайын» балалар шығармашылығы фестивалінде марапатқа ие болды

Корреспонденты студии «Қаламгер» получили награды на фестивале детского творчества Корреспонденты студии «Қаламгер» получили награды на фестивале детского творчества
Корреспонденты студии «Қаламгер» получили награды на фестивале детского творчества Корреспонденты студии «Қаламгер» получили награды на фестивале детского творчества

2019 жылдың 26 қараша күні С. Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Сарыарқа самалы» газетінің 90 жылдығы мен Мүбәрак Жаманбалиновтің 95 жылдық мерейтойы аясында«Айналайын» балалар шығармашылығы фестивалі өтті.

«Сарыарқа самалы» газетінің балаларға арналған төрт беттен тұратын «Айналайын» қосымшасына жас оқырмандар өздерінің хаттарын, шығармашылық туындыларын, мақалалар мен өлең-жырларын және прозаларын жіберіп, белсенді және тұрақты жазған оқушылар марапатталды. Аталмыш шараның мақсаты шығармашылыққа жаны жақын, талантты балалардың талабын шыңдап, талантын ұштап, шығармашылық қабілеттерін дамыту еді.

Облыстық Оқушылар сарайының «Қаламгер» студиясының жас тілшілері Камила Бейсембай және Даяна Куламбаева «Айналайын» фестивалінде алғыс хатқа ие болды. Ал «Қаламгер» студиясының жетекшісі Асем Аипова «Saryarqa samaly» газетіндегі балалар мен жасөспірімдерге арналған «Ainalaiyn»қосымшасына оқушылардың шығармашылығын ұйымдастырып,жасөспірімдерге бағыт берген үшін алғыс хатпен марапатталды.

«Айналайын» фестивалі - облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің жыл сайын ұйымдастыратын дәстүрлі шараларының бірі. Биылғы фестиваль балалар ақыны, талантты жерлесіміз Мүбәрак Жаманбалиновтің 95 жылдығы мен «Сарыарқа самалы» газетінің 90 жылдық мерейтойымен ұштастырылды.

Түсініктемелер қосу