Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар17971560
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 13241 13708 75836 17679126 82998 340041 17971560 Сіздің IP: 216.73.216.193
Уақыт: 2025-06-07 17:50:20
|
«Қаламгер» тілшілері «Айналайын» балалар шығармашылығы фестивалінде марапатқа ие болды
2019 жылдың 26 қараша күні С. Торайғыров атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Сарыарқа самалы» газетінің 90 жылдығы мен Мүбәрак Жаманбалиновтің 95 жылдық мерейтойы аясында«Айналайын» балалар шығармашылығы фестивалі өтті. «Сарыарқа самалы» газетінің балаларға арналған төрт беттен тұратын «Айналайын» қосымшасына жас оқырмандар өздерінің хаттарын, шығармашылық туындыларын, мақалалар мен өлең-жырларын және прозаларын жіберіп, белсенді және тұрақты жазған оқушылар марапатталды. Аталмыш шараның мақсаты шығармашылыққа жаны жақын, талантты балалардың талабын шыңдап, талантын ұштап, шығармашылық қабілеттерін дамыту еді. Облыстық Оқушылар сарайының «Қаламгер» студиясының жас тілшілері Камила Бейсембай және Даяна Куламбаева «Айналайын» фестивалінде алғыс хатқа ие болды. Ал «Қаламгер» студиясының жетекшісі Асем Аипова «Saryarqa samaly» газетіндегі балалар мен жасөспірімдерге арналған «Ainalaiyn»қосымшасына оқушылардың шығармашылығын ұйымдастырып,жасөспірімдерге бағыт берген үшін алғыс хатпен марапатталды. «Айналайын» фестивалі - облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің жыл сайын ұйымдастыратын дәстүрлі шараларының бірі. Биылғы фестиваль балалар ақыны, талантты жерлесіміз Мүбәрак Жаманбалиновтің 95 жылдығы мен «Сарыарқа самалы» газетінің 90 жылдық мерейтойымен ұштастырылды. |