Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар15744800
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 14297 15540 14297 15471449 399163 367126 15744800 Сіздің IP: 3.23.92.50
Уақыт: 2024-12-23 17:49:12
|
«Абай әлемі» атты қызықты саяхат
2019 жылдың 29 қазанында күзгі каникулдың алғашқы күндері М.М.Катаев атындағы «Рухани жаңғыру» кабинетінде қазақ халқының әйгілі ақыны, философ – гуманист, композитор Абай Құнанбаевтың 175-жылдығына арналған «Абай әлемі» атты әдеби саяхат өтті. Шараға Ертіс ауданы Ұзынсу ЖОМ-нің 3-5 сыныптарының оқушылары қатысты. Әдеби саяхаттың қатысушылары Абайдың балалық шағы туралы фильмді тамашалап, табиғат лирикасына байланысты «Жаз», «Қыс», «Көктем», «Күз» өлеңдерін жатқа оқып, «Көзімнің карасы», «Жүрегімнің түбінен терең бойла», «Жастықтын оты жалындап», «Қара сөздер» шығармаларын оқып берді. Оқушылар сарайының әдіскері Әсем Аипова ақынның өмірі туралы қызықты мәліметтерді айтып беріп, «Абай әлемі» атты зияткерлік викторинаны өткізді. Жас ұрпақ Абайдың бай мұрасы арқылы өз халқына қызмет етуге үйренеді, ал шығармалары мәдениет арқылы білімге деген ұмтылысын көрсетеді. Қазақ халқының ұлы тұлғасы Абай Құнанбаев өскелең ұрпаққа әдемі туындыларын бай мұрасын қалдырды. Ақынның өлеңдері мен қара сөздері халықпен бірге өмір бойы қалады, - деді Асем Аипова. Шара соныңда оқушылар «Аталар-ардагерлер, немерелер-іззерттегіштер» мұражайында, планетариде болып қайтты. |