Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар15745024
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 14521 15540 14521 15471449 399387 367126 15745024 Сіздің IP: 18.222.167.85
Уақыт: 2024-12-23 18:06:10
|
«Халқым деп соққан жүрегі, қазаққа туған ұл еді»
2019 жылдың 21 қазан күні Оқушылар сарайының «Рухани жаңғыру» кабинетінде Жүсіпбек Аймаутовтың 130-жылдығына арналған «Халқым деп соққан жүрегі, қазаққа туған ұл еді» атты театр қонақжайы өтті. Іс шараға Оқушылар сарайының «Амплуа», «Қаламгер» студияларының тәрбиеленушілері және Павлодар қаласының №7 ЖОМ-нің оқушылары қатысты. Атақты жазушы, қазақ тілінде алғаш драма және роман жазған, ғалым, ағартушы, педагог, психолог туралы сыр шерту үшін Жүсіпбек Аймаутов атындағы қазақ музыкалық драмалық театрының қоюшы-режиссері Жанкелді Садық келген болатын. Ол театр дәстүрлері мен репертуарын таныстырып, алдағы премьераға шақырды. Кездесуде балалар жазушының өмірі туралы және театр туралы сұрақтар қойып, режиссер Жанкелді Садық ұсынған трагедия және күлкілі кейіпкерлердің рөлдерін өздері сомдады. Ж.Аймауытов Павлодар облысы, Баянауыл ауданында 1889 жылы туған. «Тәрбиеге комекшi» («Пособие для воспитателя»), «Психология», «Жан жүйесi және өнер тандау» атты оқулықтардың және «Карткожа», «Акбiлек» романдарының авторы. - Біздің театр жуық арада Жүсіпбек Аймаутовтың 130-жылдығына және театрдың 30- жылдығына дайындық үстінде. Жүсіпбек те, Абай атамыз секілді әр сөзімен жастарды өзін-өзін жетілдіруге тырысуға көмек берді. Мен сендерге өздерінің жолдарынды таңдап, өз істерінің майталман шеберлері болуларыңды тілеймін, - деді Жанкелді Садық. |