Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12837533
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
11587
4619
16206
12623686
155986
375712
12837533

Сіздің IP: 3.134.104.173
Уақыт: 2024-04-23 16:52:52

«Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті

Слет добровольных школьных клубов «Адал ұрпақ» Слет добровольных школьных клубов «Адал ұрпақ»
Слет добровольных школьных клубов «Адал ұрпақ» Слет добровольных школьных клубов «Адал ұрпақ»

2019 жылдың 30 қыркүйек күні М.М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті өтті. Павлодар облысының білім беру басқармасы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті, Павлодар облысының «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» қоғамдық бірлестігі слеттің ұйымдастырушылары болған еді.

Слет добровольных школьных клубов «Адал ұрпақ» Слет добровольных школьных клубов «Адал ұрпақ»
Слет добровольных школьных клубов «Адал ұрпақ» Слет добровольных школьных клубов «Адал ұрпақ»

Слетке «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарынан аудандық және қалалық конкурстардың 20 жеңімпаздары қатысты. «Оқушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу» атты презентациялар конкурсында оқушылар театрландырылған қойылымдар арқылы өздерінің белсенді азаматтық ұстанымдарын көрсете білді. «Жемқорлықсыз өмір – Адал өмір» бейнероликтер конкурсы ерікті мектеп клубтары арасында жас ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы, патриоттық тәрбиенің белсенді азаматтық көзқарасын қалыптастыру және оның шығармашылық әлеуетін ашуға ықпал етуге бағытталған. «Оқушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу» презентациялар сайысы оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы білімі саласында құзыреттіліктің арттырды.

Сонымен қатар «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ ұрпақ» тақырыбында үгіт бригадалар конкурсында командалар толық көлемде қатысып, өз үй жұмысын көрсетіп – ар, намыс, абырой, жауапкершілік және әділдік сияқты адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруды тәрбиелеуге, оның шығармашылық әлеуетін ашуға арналған «Адал Ұрпақ» клубының жұмысы жайлы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» шығармашылық әлеуетін ашатын музыкалық бағдарлама ұсынды.

Қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады:
«Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ ұрпақ» үгітбригадалардың конкурсында:
1 орын – Ақсу қ, Жамбыл ЖОМ, «Парасат» командасы;
2 орын – Шарбақты ауданы, «Кристал» командасы;
3 орын – Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған гимназия-интернаты, «Жас ұрпақ» командасы.

«Оқушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу» презентациялар конкурсында:
1 орын – Баянауыл ауданы, «Адалдық сақшылары» командасы;
2 орын – Ақсу қ., дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназия «Адал жүректі ұрпақ»командасы;
3 орын – Железин ауданы, «Adal-life» командасы.

«Жемқорлықсыз өмір – адал өмір» бейнероликтер конкурсында:
1 орын - Павлодар қ, КЖОМ, «KJK Team» командасы;
2 орын – Баянауыл ауданы, «Адалдық сақшылары» командасы;
3 место – Ақтоғай ауданы, «Болашақ» командасы.

Шарбақты ауданы «Кристал» командасы слеттің бас жүлдесіне ие болды. Май ауданы «Адал ұрпак» командасынан Нұрсұлтан Карибаев «Слеттің ең үздік қатысушы» атты номинацияға қол жеткізді.

- Слетке 11-17 жас аралығындағы балалар қатысты. «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті өскелең ұрпақтың бойында жоғары рухани, жауапты, бастамашыл, әлеуметтік-құзыретті азаматты қалыптастырады, - деп өз ойымен бөлісті Айжан Оразбаева, М.М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының әдіскері.

Слетке 336 адам қатысты.

Түсініктемелер қосу