Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар15974880
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 950 5464 22413 15648833 116225 513018 15974880 Сіздің IP: 3.149.251.22
Уақыт: 2025-01-08 00:28:34
|
«Жас Ұлан» көшбасшылары актерлік шеберліктерін көрсете білді
24 сәуір күні Оқушылар сарайында «Жас Ұланның жеті қанаты» жобасын іске асыру мақсатында «Өз еліме арнау» облыстық театр конкурсының финалы өтті. 200-ден астам жасұландықтар мен жасқырандықтар өзінің актерлік шеберліктерін ортаға салды. Олар Ақтоғай, Ертіс, Успен және Теренкөл аудандарынан және Павлодар қаласының № №2, 20, 26, 28, 29, 41 мектептерінен және дарынды балаларға арналған облыстық көпсалалы мектебінен оқушылар болған еді. Қатысушыларға сахынада актерлік шеберліктерін сомдау үшін көптеген тақырыптар ұсынылған болатын. Бірақ «Желтоқсан желі - 1986» және М.Макатаевтың «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының желісінен спектакльдер көп көрсетілді. Бас жүлде мен кубокты Павлодар қаласының №2 мектебі жеңіп алды. Ал 1-ші орынды Ақтоғай ауданы, 2-ші орынды дарынды балаларға арналған облыстық көпсалалы мектебінен оқушылары жеңіп алса, 3-ші орынға Павлодар қаласының №29 мектебі жайғасты. Павлодар қаласының №28 мектебінің оқушылары көрермендер көзайымы жүлдесін ұтып алды. «Үздік роль» номинациясы бойынша №2 мектептің Тина Алтынбекова және Данияр Жумажан, № 26 мектептен Роман Кисленко, Ақтоғай ауданынан Торехан және Еркемай Адамовалар марапатталды. Конкурстың барлық қатысушыларын құттықтаймыз. Шығармашылық табыс тілейміз!
|