Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12809455
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
6632
5749
29527
12574557
127908
375712
12809455

Сіздің IP: 3.22.249.158
Уақыт: 2024-04-19 21:03:42

Оқушылар сарайында тағлымы мол тарих сабақтары өткізілді

Живые уроки истории прошли во Дворце школьников Живые уроки истории прошли во Дворце школьников
Живые уроки истории прошли во Дворце школьников Живые уроки истории прошли во Дворце школьников

4 мамыр күні Жеңіс мерекесіне арналған «Аталар-ардагерлер, немерелер-іззертегіштер» мұражайында «Есімізде сақтаймыз» атты сабақ өтті. Бұл күннің қонақтары тыл ардагерлері Макавеева Елена Ивановна, Букин Петр Иванович және Дюсимбинова Рашида болған еді.

Живые уроки истории прошли во Дворце школьников Живые уроки истории прошли во Дворце школьников
Живые уроки истории прошли во Дворце школьников Живые уроки истории прошли во Дворце школьников

Олар сол сұрапыл жылдың қиын-қыстау кездерін еске алып, оқушыларға баяндап берді. Қазақстан Республикасының ағарту ісінің үздігі, «Майдан Жолы» іздеу экспедициясы отрядының қатысушысы Асеева Людмила Ивановна және педагогика  еңбегінің ардагері, Қазақстан Республикасының ағарту ісінің үздігі Кабулова Даметкен Байхановна «Аталар-ардагерлер, немерелер-іззертегіштер» мұражайының қызметімен және соғыс кезінде хабар-ошарсыз кеткен батыр-қазақстандықтар туралы айтып берді. Балалар соғыстан келген үшбұрыш-хаттарды өз қолдарына алып, тарихқа бір сәт болсын көз жүгіртті. Көп жылдардан бері сарғайып қалған хаттарды оқығанда адам баласының жаны түршігіп қалды. Экранда Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова және Хиуаз Доспанова туралы фильмдер көрсетілді. «Калейдоскоп» театр студиясының жас актерлері «Детский ботинок», «Десятилетний человек», «Русской женщине» атты өлең жолдарын тамаша оқып берді.

Живые уроки истории прошли во Дворце школьников Живые уроки истории прошли во Дворце школьников
Живые уроки истории прошли во Дворце школьников Живые уроки истории прошли во Дворце школьников

«Ана туралы баллада» атты танымал әнің Кеңес одағының батыры, біздің жерлесіміз Серікбай Мүткеновтың шөбересі, «Арман-шоу» театр-студиясының тәрбиеленушісі Ажар Жантемір орындады.

Сабақтың соныңда ардагерлер мен оқушылар Даңқ обелискіне гүл шоқтарын қойды.

- Биыл 9 Мамыр Жеңіске 74-ші жыл толып отыр. Павлодар облысынан соғысқа 46 мың адам кетіп, 22 279 адам ұрыс алаңдарында өмір сүрді, 23 отандасымыз Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. 9 мамыр мерекесі біз үшін ең жарқын, қадірлі мерекелердің бірі, - деп атап өтті «Аталар-ардагерлер, немерелер-іззертегіштер» мұражайының жетекшісі Бахыт Беккожина.

Түсініктемелер қосу