Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар16415506
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 9375 20398 67482 16078164 96184 460667 16415506 Сіздің IP: 18.227.79.178
Уақыт: 2025-02-07 17:53:01
|
Оқушылар сарайында тағлымы мол тарих сабақтары өткізілді
4 мамыр күні Жеңіс мерекесіне арналған «Аталар-ардагерлер, немерелер-іззертегіштер» мұражайында «Есімізде сақтаймыз» атты сабақ өтті. Бұл күннің қонақтары тыл ардагерлері Макавеева Елена Ивановна, Букин Петр Иванович және Дюсимбинова Рашида болған еді. Олар сол сұрапыл жылдың қиын-қыстау кездерін еске алып, оқушыларға баяндап берді. Қазақстан Республикасының ағарту ісінің үздігі, «Майдан Жолы» іздеу экспедициясы отрядының қатысушысы Асеева Людмила Ивановна және педагогика еңбегінің ардагері, Қазақстан Республикасының ағарту ісінің үздігі Кабулова Даметкен Байхановна «Аталар-ардагерлер, немерелер-іззертегіштер» мұражайының қызметімен және соғыс кезінде хабар-ошарсыз кеткен батыр-қазақстандықтар туралы айтып берді. Балалар соғыстан келген үшбұрыш-хаттарды өз қолдарына алып, тарихқа бір сәт болсын көз жүгіртті. Көп жылдардан бері сарғайып қалған хаттарды оқығанда адам баласының жаны түршігіп қалды. Экранда Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова және Хиуаз Доспанова туралы фильмдер көрсетілді. «Калейдоскоп» театр студиясының жас актерлері «Детский ботинок», «Десятилетний человек», «Русской женщине» атты өлең жолдарын тамаша оқып берді. «Ана туралы баллада» атты танымал әнің Кеңес одағының батыры, біздің жерлесіміз Серікбай Мүткеновтың шөбересі, «Арман-шоу» театр-студиясының тәрбиеленушісі Ажар Жантемір орындады. Сабақтың соныңда ардагерлер мен оқушылар Даңқ обелискіне гүл шоқтарын қойды. - Биыл 9 Мамыр Жеңіске 74-ші жыл толып отыр. Павлодар облысынан соғысқа 46 мың адам кетіп, 22 279 адам ұрыс алаңдарында өмір сүрді, 23 отандасымыз Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. 9 мамыр мерекесі біз үшін ең жарқын, қадірлі мерекелердің бірі, - деп атап өтті «Аталар-ардагерлер, немерелер-іззертегіштер» мұражайының жетекшісі Бахыт Беккожина. |