Бейнежаңалықтар
Оқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар24599367
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 7480 16785 72681 24318214 7480 375807 24599367 Сіздің IP: 216.73.216.170
Уақыт: 2026-11-01 10:23:28
|
X-ші Республикалық жас журналистер конкурсындағы «Қаламгер» студиясының жеңісі
2019 жылдың 15 қаңтардан 15 наурызына дейін «Рухани жаңғыру біздің құндылықтармыз ұранымен «Біз жаңа өмір сүреміз!» атты X Республикалық сырттай жас журналистер конкурсы өтті. Оқушылар сарайының «Қаламгер» студиясының тәрбиеленушілері «Радиожурналистика» номинациясы бойынша аталмыш жарыста бақтарын сынады. Алтынгуль Сабыр Халық радиосының толқынында «Қош келдің, Ұлыстың Ұлы күні» атты балаларға арналған «Жас тілші» радиобағдарламасын дайындап 2-ші дәрежелі дипломға ие болды. Фариза Иманғали «Сөз сұлтаны Сұлтанмахмұт» атты радиобағдарламасы үшін 3-ші дәрежелі дипломға қол жеткізді. Камила Бейсембай, Дана Абеева, Даяна Куламбаева, Бахтияр Даниялов, Адам Аңсағаным «Жұлдыз» балалар-жасөспірімдер одағының президенті атынан конкурсқа белсенді қатысқан үшін дипломдарға ие болды. Студия жетекшісі Асем Аипова алғыс хатпен марапатталды. |














