Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар23614567
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 5060 15430 35666 23254078 505993 322822 23614567 Сіздің IP: 216.73.216.156
Уақыт: 2026-08-26 08:33:14
|
Сапалы тәрбие процесін қалай қамтамассыз етуге болады
29 қаңтар күні Оқушылар сарайында «Сапалы тәрбие үрдісін қамтамасыз етудегі директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларының рөлі» атты облыстық семинар өтті. Оқушылар сарайының басшысы Алма Ерубаева жуырда ғана мектепте жұмысын бастаған мектеп директорларының орынбасарарларына білім беру мекемелеріндегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша нормативтік-талдау құжаттарын ұйымдастыру бойынша тың ақпарат берді. Мектептер мен колледждерде жобалық қызметті ұйымдастыру туралы «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру бөлімінің маманы Оксана Петрович сөз қозғады. Павлодар облысының жас буынын тәрбиелеу Тұжырымдамасы шеңберінде облыстық жобаларды іске асыру бойынша бірінші жартыжылдықтың қортындысын Оқушылар сарайы әдістемелік бөлімінің жетекшісі Баглан Ашенова баяндады. Қатысушылар семинардың өзектілігін, ұсынылған ақпараттың практикалық құндылығын атап өтті. |














