Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар23827291
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 620 16311 54449 23518970 138834 579883 23827291 Сіздің IP: 216.73.217.37
Уақыт: 2026-09-11 01:50:17
|
Оқушылар сарайында облыстық семинар-кеңес өтті
Қаңтардың алғашқы күндері Оқушылар сарайының әдістемелік бөлімі тәрбие ісінің меңгерушілері, әдіскерлер, облыстық дарынды мектептердің педагогтарына, балалар үйі, интернаттық мекемелер, колледж мұғалімдері үшін облыстық семинар-кеңес және біріңғай әдістемелік күн өткізді. Оқушылар сарайының әдіскерлері білім беру мекемелерінде Павлодар облысының жас ұрпақты тәрбиелеу тұжырымдамасының бес өңірлік жобасын іске асыру туралы баяндап берді. «Менің туым», «Шанырак», «ЭКОboom», «Familyday», «Адалfriends» жобаларының білім мекемелерінде жобаларға белсенді қатысу мониторингісі ұсынылды. Сонымен қатар «Менің туым» жобасын іске асыру бойынша бейнеролик көрсетілді. Аталмыш шарада әдіскерлер жұмыстағы кемшіліктерді атап өтіп, фотосуреттер мен бейнематериалдарды жіберудегі ұсыныстарын білдірді. Тәжірибелік бөлімде мұғалімдер тәрбие жұмысының басым бағыттары бойынша жаңа формалармен танысты және әдістемелік-нұсқаулық материалдарды алды. Семинар-кеңес және бірыңғай әдістемелік күніне 60 адам қатысты. |














