Бейнежаңалықтар
Оқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар24689576
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 18220 21605 18220 24448750 97689 375807 24689576 Сіздің IP: 216.73.216.157
Уақыт: 2026-11-09 16:33:40
|
Жаңажылдық кездесу
4 қаңтар күні «Жас Ұлан» балалар-жасөспірімдер ұйымының «Ровесник» клубы үй жағдайында білім алатын 25 жеткіншек үшін көңілді шырша кешін ұйымдастырды. Қонақтарға Оқушылар сарайының педагогтары және тәрбиеленушілері театрландырылған қойылым көрсетті. Балалар заманауи мультфильм кейіпкерлері Барбоскиндар жанұясы, үш торай, және Пеппа атты тораймен кездесті. Бұл кейіпкерлер балалардың көңілінен шықты. «Жас Ұлан» облыстық ұйымының аймақтық хатшысы Самал Сүлейменованың айтуынша: - Біз, арнайы білім беру қажеттіліктерін талап ететін балалардың, тағдарына алаңдаймыз. Жаңа жылда олардың армандары орындалсын деген ниетпен, қызықты жаңа жыл ертегісін тарту еттік. «DUMAN studio» атты мерекелік агенствосына суретке түсіріп, демеушілік көмек көрсеткені үшін шынайы алғыс білдіреміз. Әрбір қатысушы жаңажылдық мерекесінен естелікке фотосуретке ие болды. |














