Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар20200041
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 12668 10764 52027 19909418 349080 494996 20200041 Сіздің IP: 216.73.216.15
Уақыт: 2025-11-28 17:53:22
|
«Қазақстан - 2050» жасұсландықтардың көзімен
2013 жылдың 5 қарашасында М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында «Қазақстан – 2050» бейнероликтердің облыстық сайысы өткізілді. Сайыстың мақсаты – шығармашылық әлеуетті дамыту арқылы балалар мен жастар арасында «Қазақстан-2050» Стратегиясының идеяларын насихаттау. Сайыста «Астана – 2050», «Мектеп – 2050», «Оқушы – 2050», «Жас Ұлан- 2050» номинациялары бойынша бейнероликтер сынға түсті. Облыстық финалда 9 жұмыс қаралды. Олар өзара орындар бөлісіп, жүлдегер атанбағандары алғыс хаттармен марапатталды. Балаларды дайындаған жетекшілерге де алғыс хаттар берілді. Әділ қазылар алқасының шешімімен ІІІ орынды Павлодар қаласы №17 ЖОББМ оқушысы Черненко Вадим мен Қашыр ауданы Байқоныс ауылынан Рахметолла Аяулым алса, ІІ орынды Ақсу қаласынан Бурикбаев Абзал мен Ақсу ауданы Евгеньевка ауылынан Казбекова Айдана алды. Ал І орынға Қашыр ауданы Байқоныс мектебінің оқушысы Калимулин Альнур ие болды. «Қазақстан 2050» бейнероликтер сайысының басты қорытындысы – облыс көлемінде ұсынылған 9 жұмыстың ұйымдастырушысы «Жас Ұлан» ББЖҰ» РҚБ болып табылатын Республикалық байқауға жіберілгендігі. Барлық қатысушыларға жоғарғы сында сәттілік тілейміз. |














