Бейнежаңалықтар
Оқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар24689567
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 18211 21605 18211 24448750 97680 375807 24689567 Сіздің IP: 216.73.216.157
Уақыт: 2026-11-09 16:32:25
|
Ғылыми-практикалық семинар
2018 жылдың 25 қазанында Оқушылар сарайында қосымша білім беру педагогтеріне және мектеп үйірмелері мен шығармашылық бірлестіктерінің жетекшілеріне арналған «Қосымша білім беру мекемелерінде балалар мен жасөспірімдердің оқуы мен дамуының әдіснамалық негіздері» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өткізілді. Пленарлық бөлімде Павлодар филиалының«Өрлеу» ПҚ БАҰО АҚ мұғалімдер кәсіби дамуының психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу кафедрасының доценты БағлангүлКаримова қосымша білімберу ұйымдарда STEM – оқытудың даму келешегін ұсынды. қосымша білім беру саласында жаңа цифрлық технологияларды еңгізу туралы М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының ғылым және техника бөлім меңгерушісі Айтжамал Жұмажанова әңгімеледі. 3D принтерлерді техникалық шығармашылықта пайдаланудағы тәжірибесімен Павлодар қ. техникалық мектебінің педагогі Роман Ладин бөлісті. Г.Н. Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайы қорының бас сақтаушысы ӘлияЖомартова жас ұрпақты тәрбиелеуде мұражай материалдарын белсенді түрде пайдалануға шақырды. Семинар қатысушылары қосымша білім беруде балаларды оқыту мен дамытуын ұйымдастыруының инновациялық түрлерімен танысты. Барлық қатысушыларға сертификаттар табыстырылды. |














