Бейнежаңалықтар
Оқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар24643184
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 11624 5544 38192 24370444 51297 375807 24643184 Сіздің IP: 216.73.216.179
Уақыт: 2026-11-06 21:37:58
|
Ғылыми-практикалық семинар
2018 жылдың 25 қазанында Оқушылар сарайында қосымша білім беру педагогтеріне және мектеп үйірмелері мен шығармашылық бірлестіктерінің жетекшілеріне арналған «Қосымша білім беру мекемелерінде балалар мен жасөспірімдердің оқуы мен дамуының әдіснамалық негіздері» тақырыбында ғылыми-практикалық семинар өткізілді. Пленарлық бөлімде Павлодар филиалының«Өрлеу» ПҚ БАҰО АҚ мұғалімдер кәсіби дамуының психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу кафедрасының доценты БағлангүлКаримова қосымша білімберу ұйымдарда STEM – оқытудың даму келешегін ұсынды. қосымша білім беру саласында жаңа цифрлық технологияларды еңгізу туралы М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының ғылым және техника бөлім меңгерушісі Айтжамал Жұмажанова әңгімеледі. 3D принтерлерді техникалық шығармашылықта пайдаланудағы тәжірибесімен Павлодар қ. техникалық мектебінің педагогі Роман Ладин бөлісті. Г.Н. Потанин атындағы тарихи-өлкетану мұражайы қорының бас сақтаушысы ӘлияЖомартова жас ұрпақты тәрбиелеуде мұражай материалдарын белсенді түрде пайдалануға шақырды. Семинар қатысушылары қосымша білім беруде балаларды оқыту мен дамытуын ұйымдастыруының инновациялық түрлерімен танысты. Барлық қатысушыларға сертификаттар табыстырылды. |














