Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

12847006
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
1443
19617
25679
12623686
165459
375712
12847006

Сіздің IP: 3.140.186.241
Уақыт: 2024-04-24 01:14:45

Оқушылар сарайында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының екінші слеті өтті

Второй слет добровольных школьных клубов  «Адал ұрпақ» прошел во Дворце школьников Второй слет добровольных школьных клубов «Адал ұрпақ» прошел во Дворце школьников
Второй слет добровольных школьных клубов  «Адал ұрпақ» прошел во Дворце школьников Второй слет добровольных школьных клубов «Адал ұрпақ» прошел во Дворце школьников

2018 жылдың 28 қыркүйегінде «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының облыстық слеті өтті.  Павлодар облысы білім беру басқармасы және Қазақстан Республикасының  мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті шараның ұйымдастырушылары болған еді.

19 ерікті «Адал ұрпақ» мектеп клубтары, қалалық және аудандық конкурстың жеңімпаздары өзерінің белсенді азаматтық ұстанымдарын театрландырылған қойылымдар, «Оқушыларды жемқорлыққа қарсы тәрбиелеу» презентациялар конкурсы, «Сыбайлас жемқорлыққа STOP!» үздік бейнероликтер конкурстары арқылы өздерін шебер көрсете білді. Ал клуб капитандары болса «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдары» атты сөз шеберлігі конкурсына қатысты.

Второй слет добровольных школьных клубов  «Адал ұрпақ» прошел во Дворце школьников Второй слет добровольных школьных клубов «Адал ұрпақ» прошел во Дворце школьников
Второй слет добровольных школьных клубов  «Адал ұрпақ» прошел во Дворце школьников Второй слет добровольных школьных клубов «Адал ұрпақ» прошел во Дворце школьников

Павлодар қаласының №3 дарынды балаларға арналған мектеп-гимназиясы ең үздік бейнероликтер сайысында 1-ші орынға қол жеткізді. 2 -ші дәрежелі дипломмен Чернорецк ЖОМ-нің клубы иеленсе, Аққулы ауданы 3- ші дәрежелі дипломмен марапатталды.

Презентациялар сайысында 1-ші орын Шарбақты ауданы, 2 орын - Ақсу қаласының Жамбыл ЖОМ, 3 орын - Ақсу қаласының дарынды балаларға арналған мамандандырылған гимназиясына берілді.

Шарбақты ауданынан Карина Доценко ең үздік капитан атанса, 2-ші орынды Ақсу қаласының Жамбыл ЖОМ-нен Аружан Дорбетхан иеленді, 3-ші орын Аққулы ауданынан Фатима Аскарова жеңіп алды.

Театрландырылған қойылымдар сайысында Шарбақты ауданы бәйгеден озып шықса, 2-ші орынды Ақтоғай ауданының клубы, 3-ші орынды Май ауданы иеленді.

«Адал ұрпақ» конкурсында ең үздік команда атанған Шарбақты ауданы, 2-ші орында Май ауданы, 3-ші орын Ақсу қаласының Жамбыл ЖОМ-не берілді.

Шарбақты ауданы «Радуга» тәрбие жұмысы орталығынан Асылхан Муратов «Слеттің ең үздік қатысушы» номинациясы бойынша жеңіске жетті.

Слетке 190 адам қатысты.

Түсініктемелер қосу