Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

15782421
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
9299
13074
51918
15471449
436784
367126
15782421

Сіздің IP: 18.117.91.116
Уақыт: 2024-12-26 20:07:34

Жас Ұландықтар «ОTANSHYL-2018» республикалық туристік білім беру форумына қатысты

Павлодарские Жас Ұлановцы на форуме «ОTANSHYL-2018» Павлодарские Жас Ұлановцы на форуме «ОTANSHYL-2018»
Павлодарские Жас Ұлановцы на форуме «ОTANSHYL-2018» Павлодарские Жас Ұлановцы на форуме «ОTANSHYL-2018»

Ағымдағы жылдың 26-29 шілде аралығында Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, Ұлытау ауданында «ОTANSHYL-2018» республикалық балалар мен жастарға арналған туристік білім беру форумы өтті. Бұл форумға Павлодар облысының «Жас Ұлан» балалар жасөспірімдер ұйымының көшбасшылары Мереке Қажыкенов, Милена Блинникова, Диас Қазанғапов және олардың жетекшілері М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының әдіскері Айжан Оразбаева қатысқан болатын.

Ұлытау бауырайында өткен «ОTANSHYL-2018» республикалық жастар форумын «Сатбаев қаласының жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастырған еді.

Балалар мен жастарға арналған туристік шараның басты мақсаты еліміздің қасиетті рухани құндылықтары мен киелі жерлерінің географиясымен таныстыру, балалар мен жастар арасында туризмді кеңінен насихаттау. Форумға 12 мен 29 жас аралығындағы Қазақстанның барлық аймақтарынан балалар мен жастар қатысты.

- Форум бізге ұнады, туризмге байланысты жан жақты шеберлік-сабақтарды көрдік. Бізге форум ұйымдастырушылары қазақ халқының атадан балаға мирас болып жалғасып келе жатқан дәстүрлерін көрсетті. Мысалы, қыз балаларға бие сауу, құрт жасау, көрпе тігу дәстүріне байланысты оқулар болса, ұл балаларға атқа міну, тауға шыққанда от жағу, ұлттық ойындар көрсетіліп жатты - деді, Оқушылар сарайының әдіскері Айжан Оразбаева.

Павлодар облысынан «Жас Ұлан» ұйымының көшбасшысы Мереке Қажыкенов аталмыш форум аясында «Жас Толағай» номинациясының игері атанды.

Форумның соңғы күндері барлық жастар мен балалар жетекшілерімен Ұлытау тауына экскурссияға шығып, альпілік арқанмен таудан өрмелеп, ел тізгінін қолдарына алған Керей мен Жәнібек сұлтандар, Қасым хан, Абылай хан туралы тарихи мәліметтерге қанық болды.

Түсініктемелер қосу