Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар23697127
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 8670 13245 21915 23422659 8670 579883 23697127 Сіздің IP: 216.73.216.228
Уақыт: 2026-09-01 13:03:31
|
Оқушылар сарайында «Балалар әлемі» экспресс-лагері өз жұмысын бастады
2018 жылдың маусым айында қаламыздың мектеп алды лагерлері үшін Оқушылар сарайында «Балалар әлемі» дәстүрлі экспресс-лагері жұмыс жасады. Оқушылар сарайының әдістемелік бөлім бастамасымен шығармашылық алаңдар, экскурссиялар және бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылды. Павлодар мектептерімен қоса, 4 ауылдық мектептер де бұл жазғы лагерге қатысты. Лагердің бағдарламасында бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер бойынша «Палитра», «Сыр сандык» және «Аквагрим» студиялары жұмыс жасап, оқушыларға қызықты шеберлік –сабақтар дайындалды. Ал оқушыларды қызықтырған Сарайымыздың астрономиялық бөлімі болған еді. Лагерге келген балалар «Жарық жұлдыз» атты танымдық бағдарламаны бар ынталарымен қабылдап, обсерваторияны аралап, планетариде ғарыш туралы фильдерді тамашалады. Орыс тілінде сахналанған «Рыжий, честный, влюбленный» және «Кошкин дом» атты спектакльдер өте қызықты өтіп, оқушылардың көңілдерінен шықты. Биылғы «Балалр әлемі» жазғы дәстүрлі лагерінде қаламыздың 28 мектебінен, 2844 бала қамтылды. |














