Біз әлеуметтік желідеміз 

 facebook ok vk youtube

Бейнежаңалықтар 

Оқушылар сарайы 

Облако тегов 

Біздің қатысулар 

15745901
Бүгін
Ертең
Осы жұмада
Өткен жұмада
Осы айда
Өткен айда
Барлық күндер
15398
15540
15398
15471449
400264
367126
15745901

Сіздің IP: 3.145.78.12
Уақыт: 2024-12-23 19:19:14

Журналистпен жылы жүздесу

Журналистпен жылы жүздесу Журналистпен жылы жүздесу
Журналистпен жылы жүздесу Журналистпен жылы жүздесу

2018 жылдың 25 сәуір күні М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайында ҚР-ның мәдениет қайраткері, Еліміздің құрметті журналисі, Құрмет Орденінің иегері Ғалия Құсайынқызы Балтабаевамен кездесу өтті. Аталмыш кездесу Оқушылар сарайында ашылған «Рухани жаңғыру» кабинетінде әдіскер Әсем Аипованың ұйымдастыруымен өткен болатын. Журналистпен кездесуге Оқушылар сарайының «Қаламгер» студиясының жас тілшілері, «Үркер» клубының тәрбиеленушілері жиналды. Шара барысында оқушылар Ғалия Құсайынқызының өмірі және шығармашылығымен толық танысты.

Сонымен қатар аймағымыздың «Ертіс-информ» арнасынан Ғалия Балтабай туралы сюжет көрсетілді. Жас тілшілер Ғалия Балтабайдың балалық шағынан бастап, қазіргі таңға дейінгі фотосуреттерден құрылған слайд бағдарламасын тамашаласа, ал Ғалия апай суреттерге пікір білдіріп отырды. Ғалия апайдың мазмұнды әңгімесі жас тілшілердің сұрақтарынан өрбіді.

Қазіргі таңдағы зейнет жасындағы ардагер журналист Ғалия Балтабай Павлодар облысы, Железин ауданы Аққайың ауылында 1 маусым күні, 1948 жылы дүниеге келген. Көп жылдары Қазақ радиосында, 1987-1997 жылдар аралығында Республикалық Қазақ радиосының Павлодар облысы бойынша меншікті тілшісі қызметіне тағайындалады және Павлодар облыстық телеарнасының қазақ тіліндегі жаңалықтар редакциясын басқарады. Ғалия Балтабайдың сын хабарларының нәтижесінде Павлодарда Ж.Аймауытов атындағы облыстық қазақ театры, облыстық балалар ауруханасы, Екібастұзда қазақ мектептері мен балалар бақшасы ашылды. 20-дан астам соғыс мүгедегі мен ардагерлері, тұрмысы төмен адамдарға тұрғын үй алып беруге телехабарлары арқылы көмектескен. 1997 жылы Ғалия Құсайынқызы Астана радиосына қызметке ауысады. Ал 2001 жылы Павлодар облыстық радиосына директор қызметіне ауысып, республикалақ конкурс-тендерлерден өтіп, Павлодар радиосын ҒМ жиілігіне шығарады. Сөйтіп облыста радионы сақтап қалды. Бұл республикадағы жалғыз қалған облыстық радио екенін мақтанышпен айта аламыз. Ғалия Құсайынқызы 42 жыл еліне тапжылмастан қызмет етіп, 61 жасында зейнетке шықты.

Кездесу барысында Ғалия апай оқушыларға өмірінің қызықты сәттерін, журналистика мамандығының қызығы мен қиындығын, отбасы туралы шер тарқатып, өзінің жұмыс жолындағы мол тәжрибесімен бөлісті.

- Көп оқып, іздену керек, халықты сүю керек, шындықты жазу керек. Жалқау болмай, бастаған ісің болса соның нәтижесіне жету керек, - деп Ғалия Балтабай өз ойымен бөлісті, болшақ журналистерге ақ тілегін айтты.

Айта кетсек, Ғалия Құсайынқызы 2018 жылдың 1 маусым күні 70 жасқа толады. Елмізге еңбегі сіңген атақты журналист, өз ісінің маманы, көп жылдардан бері қоғамға жасаған еңбегі еленіп, 70-жылдық мерейтойы облыс көлемі бойынша дүркін аталып өтіледі.

Кездесу соныңда Ғалия Балтабай өзінің қалам ұшынан туған «Қалдырған ізің - мәңгілік», «Туған жер перзенттері» атты кітаптарын оқушыларға табыстады.

Түсініктемелер қосу