Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар18248735
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 8003 11441 82032 17933280 360173 340041 18248735 Сіздің IP: 216.73.216.64
Уақыт: 2025-06-29 13:03:48
|
Айтыскер ақынмен кездесу
Оқушылар сарайында ағымдағы жылдың 17 сәуір күні «Рухани жаңғыру» кабинетінде Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, айтыскер ақын, сазгер, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Аманжол Әлтаймен кездесу өтті. Айтыскер ақынмен кездесуге Павлодар қаласының «Жас дарын» мамандырылған мектебінің оқушылары және Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған гимназия интернатының оқушылары келді. Аманжол ақын айтыс өнері жайлы, өзінің шығармашылық жолы турлы баяндап берді. Жас ақындар айтыскерге сауалдар қойып, кездесу соныңда айтыс өнерінің хас шебері ән салды. - Қазақ халқы әнге бай, өнерлі халық. Халқымыздың асыл қазынасын, музыка өнерін дамытып, рухани байлығымызды бойымызға сіңіру - біздің басты талабымыз. Өскелең ұрпақ ұлттық өнер жайлы білу керек, - деді Аманжол Әлтай. Айта кетсек, Аманжол Әлтай Павлодар қаласында 16-18 сәуір күндері өткен оқушылар арасында «Ақберен» V республикалық ақындық және шешендік өнер байқауында қазылар алқасының төрағасы болған еді. |