Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар22523899
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 2160 6555 8715 22308127 8715 338951 22523899 Сіздің IP: 216.73.216.228
Уақыт: 2026-06-02 08:41:01
|
Жұмат Шанин – театр өнерінің тарланы
2018 жылдың 11 сәуір күні М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының «Рухани жаңғыру» кабинетінде Павлодар облысының тумасы, қазақ театр өнерінің атасы Жұмат Шанин өмірі мен шығармашылығына байланысты танымдық сабақ өткізілді. Аталмыш шараға Оқушылар сарайының «Амплуа» әдеби-шығармашылық студиясы және №25 жалпы білім беру мектебінің оқушылары қатысты. «Халық болмысын мәдениетті өркендету арқылы сақтап қаламыз» - деген Жұмат Шанинің театр өнерінің қалыптасу жолында жасаған еңбектері жайлы Оқушылар сарайының әдіскері Жақсыбек Ешімқұлов арнайы дайындаған презентациясы арқылы баяндап берді. Кездесу барысында оқушылар Жұмат атамыздың өмірі жайлы қысқаша ақпарат алып, «Жарқын бейне – Жұмат Шанин» атты деректі бейнебаянды тамашалады. - Жаңа өмір ол біздің өткеніміздің жаңаша түрі. Өткенімізді ардақтау арқылы, болашаққа бек қадам жасауға болады – деді, кездесудің ұйымдастырушсы Жақсыбек Ешімқұлов. |














