Біз әлеуметтік желідемізБейнежаңалықтарОқушылар сарайыОблако теговЖиі оқылатын ақпаратБіздің қатысулар15745931
Бүгін Ертең Осы жұмада Өткен жұмада Осы айда Өткен айда Барлық күндер 15428 15540 15428 15471449 400294 367126 15745931 Сіздің IP: 18.223.108.134
Уақыт: 2024-12-23 19:20:56
|
Сахына төрінде...
Көңілді және тапқырлар сонымен қатар зияткер болады. 13 сәуір күні облыстық Оқушылар сарайында Павлодар облысының жасұландықтары бұл қабілеттерін сахына төрінде дәлелдеп бере алды. Бұл жерде КВН-нің «Жайдарлы Жас Ұлан» финалдық кезеңі өтті. Аталмыш конкурста қатысушылар мен көрермендер ойын арқылы зияткерлік қарым-қатынаста болды. Бұл ойынға Павлодар ауданы, Май, Екібастұз, Шарбақты аудандарының және Павлодар қаласының мектептері қатысты. Мектеп тақырыбына арналған КВН ойынына 16 команда немесе 119 қатысушы қатысқан еді. Он алты команданың ішінен финалға жеті команда өткен болатын. Финалға жеткендердің ішінен ең көбі Павлодар ауданынан болды. Олар Розовка мектебінен «USB» деген қызық атауы бар команда, Красноармейка мектебінен «G7» командасы, № 1 Чернорецк мектебінің «Әзілкеш» командасы және Занғар мектебінің «Название потом придумаем» командалары қатысты. Ал Павлодар қаласынан №31 мектептен «Асса» командасы және № 26 мектептің «Титаник» командалары бақтарын сынады. Барлық командалар тапқыр және көңілді болды, ал «Жайдарлы Жас Ұлан» кубогі Павлодар ауданы Красноармейка мектебіне аттанды. |